Коронавирус инфекциясын анықтауға ПТР-тестін қалай тегін өтуге болады

328 қаралу саны

Құрметті оқырмандар, кез-келген қауесет пен дәлсіздік тегін қызметтің айналасында жүретінін сіздер жақсы білесіздер. Коронавирусты тексерген кезде проблемалар болмас үшін тек ресми нұсқауларға назар аударыңыз. Біз емханаларда және ауруханаларда коронавирустық инфекцияны анықтау үшін халықтың қандай категориялары ПТР-тестінен өтуі мүмкін екендігі туралы тікелей Медициналық медициналық сақтандыру қорынан нұсқауды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

  • COVID-19 күдігімен провизорлық стационарларға  жатқызылғандар;
  • жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмония белгілері бар азаматтар;
  • КВИ жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандар;
  • стационарға жоспарлы түрде жатқызылған науқастар;
  • тыныс алу жүйесі, эндокринді және жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар динамикалық бақылаудағы50 жастан асқан науқастар;
  • шетелден келушілер;
  • коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер және т.б.

Бүгінгі күні ӘМСҚ 600-ден астам клиникалармен, ауруханалармен және зертханалармен келісім жасасты, онда пациенттер КВИ-ге тексеріледі.

Пандемия мен карантиннің барлық кезеңінде Қор инфекциямен күресуге 55,9 млрд. теңге және оның ішінде диагностикалық зерттеулерге (ПТР тестері) 5,4 млрд. теңге бөлді.

Ары қарай оқу


Айжан Есмағамбетова: Коронавируспен сырқаттанудың апта ішіндегі өсімінің себебіне сараптама жүргізілді


Кнопка домой
Бөлісіңіз