Коронавирус туралы тағы бір фейк

Коронавирус туралы тағы бір фейк
144 қаралу саны

Бұрынырақ үндістандық ғалымдар коронавирустың қолдан жасалғаны және оның геномы ЖИТС-ке ұқсайтынын мәлімдеген. Коронавируста «ЖИТС инсерциясы» бар, олар вирус табиғатының жасандылығына байланысты қауіп тударады. Табиғатта коронавирус вирус қабатының мутациясына түспей ЖИТС генін кездейсоқ алуы мүмкін емес.

Үкім: Жалған. Осы және осыған ұқсас фейктер үндістандық ғалымдар зерттеу жүргізу барысында коронавирус пен ЖИТС құрылысының ұқсастығын анықтағаны туралы мәлімдемеден кейін шыға бастады. Зерттеу академиялық жұмыстар репозиториі – biorxiv.org-та жарияланды.

Мұнда маңызды детальды ескеру керек: biorxiv.org-тегі зерттеулерді ешкім тексермейді, препринтке, яғни, әлі жарияланбаған жұмыстарға жатады. Сайттың биосында былай деп жазылған: «авторлар біздің ресурсымызда препринттерді жариялайды, сол арқылы басқа ғалымдар да оларды көріп, журналдарда жарияланбас бұрын фидбэк жасайды».

Үндістандық ғалымдардың зерттеуі академиялық орта тарапынан үлкен сынға ұшырады. «Авторлар ЖИТС-ке байлап қойған гендердің ұқсастығы вирустың барлық түрінде кездеседі» дейді Мэриленд университетінің медицина кафедрасында  жұмыс істейтін, иммунология және микробиология профессоры Мэтью Фриман BuzzFeed News-ке берген сұхбатында. Оған Америкалық жұқпалы аурулар қоғамының мүшесі Амеш Адалия да келіседі: «Гендер ЖИТС-ке ұқсайтыны анықталса да, бұл жаңалық емес».

Қазіргі уақытта үндістандық ғалымдар жұмыстарын қайтарып алды. Ал biorxiv.org мынадай ескерту жазып қойды: «Біз 2019-nCoV коронавирусына қатысты көптеген зерттеу жұмыстарын алып жатырмыз. Олардың барлығы ешқандай сарапшының бағалауынан өтпеген, есебі жоқ алдын-ала нұсқалар екенін ескертеміз. Сол себепті оларды емдеу үшін қорытынды тәжірибе деп қабылдап, дәлелденген ақпарат ретінде БАҚ-та жариялаудың қажеті жоқ».

Дереккөз сілтемесі: factcheck.kz

Фото сілтемесі: oblgazeta.ru

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз