Коронавирус жұқтыру тәуекелі бар адамдарды оқшаулаудың жаңа тәртібі анықталды

Лечение коронавируса через донорскую плазму — прорыв или пустышка?
249 қаралу саны

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың 6 маусымда жарық көрген қаулысында COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау және байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі айқындалды.

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар тәуекел дәрежесіне байланысты жақын және ықтимал байланыс болып бөлінеді. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

  • COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
  • COVID-19 науқасымен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
  •  COVID-19 жағдайымен 1,5 метрден кем қашықтықта 15 минуттан және одан артық уақыт жабық үй-жайда бірге болған адам (мысалы, сынып, кеңес өткізуге арналған бөлме, ауруханадағы күту бөлмесі және т.б.);
  •  COVID-19 науқасына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 науқасының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
  • ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19 науқасынан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам,
  • сондай-ақ COVID-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

Эпидемиологиялық байланыстың болуы ауру басталғанға дейін 14 күн ішінде қаралады. Ықтимал байланыс:

  • ұшақта, поезда, автобуста COVID-19-бен ауыратын науқаспен бірге болған, бірақ онымен жақын байланыста болмаған адам;
  • COVID-19 жағдайымен 1,5 метрден кем қашықтықта 15 минуттан және одан артық уақыт жабық үй-жайда ЖҚҚ (қорғаныш маскасынсыз) пайдаланбай бірге болған адам (мысалы, сыныпта, кеңес өткізуге арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т.б.).

Шет елден авиарейспен келген барлық адамдар осы қаулының 1-тармағына сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке оқшаулауға жатады. СОVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар емдеуге арналған инфекциялық стационарға ауыстырылады, СОVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдарға тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

Олар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатпайды. CОVID-19 науқастарымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдар оқшаулаудың 1-ші күнінде ПТР әдісімен CОVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. СОVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі болған кезде оқшаулаудың 1-ші күнінде байланыста болған адам (жақын байланыс) және СОVID-19 (симптомсыз вирус тасымалдаушылық) клиникалық белгілері болмаған кезде байланыста болған адамға клиникалық хаттамаға сәйкес СОVID-19-дың симптомсыз нысандары бар адамдарды жүргізу тактикасы қолданылады.

Оқшаулаудың 1-ші күнінде CОVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде байланыста болған адам (жақын байланыс) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес жағдайлар болған кезде үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарға оқшаулау ұсынылады. Содан кейін оқшаулаудың 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға қайта зертханалық тексеру жүргізіледі. Оқшаулаудың 7-ші күнінде ПТР-зерттеудің қайта теріс нәтижесі болған жағдайда карантин және оқшаулау аяқталады. Оқшаулаудың 7-ші күнінде ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған жағдайда оқшауланған жақын байланыста болған адамға қатысты тактика симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезіндегіге ұқсас жүргізіледі. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде амбулаториялық жағдайларда медициналық бақылауға және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің эпидемиологымен келісім бойынша жеке қабылдайды. Оқшаулаудың 10-шы күнінде симптомсыз вирус тасымалдаушы ПТР әдісімен COVID-19-ға қайтадан зертханалық тексеруге жатады. COVID-19-ға ПТР-зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда карантин аяқталады.

Оқшаулаудың 10-шы күнінде COVID-19-ға ПЦР-зерттеудің оң нәтижесі болған жағдайда карантин 14 күнді қоса алғанға дейін ұзартылады, содан кейін клиникалық белгілер болмаған кезде карантин аяқталады. Карантин аяқталған кезде БМСК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға СOVID-19-дың профилактика шараларын (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді. COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдар (ықтимал байланыс) анықталған кезде ПТР әдісімен тестілеуге жатады.

ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезінде тиісті қолхатты ала отырып, оларға COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндірме беріледі. COVID-19-ға ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған жағдайда ықтимал байланыста болған адамға қатысты тактика симптомсыз вирус тасымалдаушылыққа ұқсас жүргізіледі.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Бөлісіңіз