Коронавирус және «Қара жорға» биі

Коронавирус және «Қара жорға» биі
609 қаралу саны

Алматыда Қытайдан келген дәрігерлер делегациясының онлайн сабақтары жалғасып жатыр.  

Бүгін пульмонолог дәрігер Цю Гаунфенг науқастарға психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығы туралы айтты. Оның айтуынша, оқшауланған адамдар жүйкесі жұқарып, шаршайды. Сонымен қатар олардың жүріс-тұрысына тыйым салынады. Сол үшін пациенттермен сөйлесіп, жаттығу жүргізіп тұрған дұрыс. Қытай дәрігері мысал ретінде қазақ дәрігерінің «Қара жорға» биінің Уханьдағы коронавируспен ауырған науқастарға қалай көмектескенін айтып берді.

«Науқастармен видеобайланыс арқылы сабақ өткізіп, үнемі байланыста болған жөн. Әр пациентпен жеке күніне 2 рет тыныс алу жүйесін жақсартатын жаттығу жасап, би билеу керек. Бізде модульді ауруханалардың бірінде ұлты қазақ дәрігерлердің бірі «Қара жорға» биін билеуді үйретті. Бұл пациенттерді эмоциялық жағынан да, физикалық жағынан да бір серпілтіп тастағаны рас. Осы биден кейін пациенттердің көпшілігі біразға дейін еңселері тік, көтеріңкі көңіл күймен жүрді» деді дәрігер Цю Гаунфенг.

Фото дереккөзі: © REUTERS / China Daily

 

Кнопка домой
Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған