Коронавирус және карантин туралы балалармен қалай сөйлесу керек?

Мама, коронавирус деген қандай індет?
518 қаралу саны

Көптеген елдерде оқшаулану мен қашықтан жұмыс жасау жөнінде жағдай жарияланған осы күндері кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс көбейе түскені белгілі. Онсызда «неліктен» және «неге» деген сұрақты ата-аналарына көп қоятын кішкентай балалар енді үйде отырған кезде  коронавирус туралы сұрақтарды қоя бастағаны заңдылық. Осыған орай ЮНИСЕФ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманыДжейкоб Хант ата-аналар үшін пайдалы нұсқаулар жинағын жасады.

Осы кезде коронавирус ауруы (COVID-19) туралы естігендердің бәрін  бірден қорыту бала үшін әрине қиынға соғады. Егер сіздің балаларыңыз бұған алаңдаса, ол түсінікті. Балаларға интернеттен немесе теледидардан не көргендерін түсіну немесе басқа адамдардан есту қиынға соғатыны сөзсіз, сондықтан олар әсіресе мазасыздыққа, күйзеліс пен ашулану сезімдеріне ұшырауы мүмкін. Бірақ балаларыңызбен мейірімділікпен ашық әңгімелесу олардың жағдайды түсінуіне, сіздің оларды дұрыс басқаруыңызға пайдасын тигізеді.

1. Ашық сұрақтар қойыңыз және балаларыңызды тыңдай біліңіз

Балаңызды осы тақырыпты талқылауға шақырыңыз. Олардың қаншалықты білетіндерін біліп, олардың жауабын тыңдаңыз. Егер олар тым кішкентай болса және індет туралы естімеген болса, сізге бұл тақырыпты көтерудің қажеті жоқ болуы мүмкін. Сондықтан да оларға қорқыныш тудырмастан гигиена ережелерін еске түсіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Өзіңіздің қауіпсіз ортада екендігіңізді тексеріп, балаңызға еркін сөйлеуге мүмкіндік беріңіз. Сурет салу, әңгімелер айту және басқа әдістер сіздің балаңыздың әңгімеге қосылуына көмектеседі.

Ең бастысы,  олардың проблемаларын  көрмегенсімеңіз және  одан қашпаңыз. Олардың сезімдерін қабыл алыңыз және мұндай нәрселерден қорқу табиғи болатындығын айтыңыз. Тыңдағаныңызды көрсетіңіз, оларға барлық назарыңызды аударыңыз және олар сізбен және мұғалімдермен кез келген уақытта сөйлесе алатындығын түсінетініне көз жеткізіңіз.

2. Адал болыңыз: балаға түсінікті тілде шындықты түсіндіріңіз

Балалар әлемде болып жатқан оқиғалар туралы шынайы ақпарат алуға құқылы, бірақ ересектер оларды қорқыныштан қорғауы керек. Баланың жасына сәйкес келетін тілде сөйлеңіз, олардың реакциясын бақылаңыз және олардың мазасыздығына сезімтал болыңыз.

Егер сіз олардың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойлап таппаңыз. Мұны бірге жауап табуға мүмкіндік ретінде пайдаланыңыз. ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың веб-сайттары тамаша ақпарат көзі болып табылады. Интернеттегі кейбір ақпарат сенімді емес екенін және сарапшыларға сенген дұрыс екенін түсіндіріңіз.

3. Балаларға өзін және достарын қалай қорғауға болатындығын көрсетіңіз

Балаларды коронавирус пен басқа аурулардан қорғаудың ең жақсы әдістерінің бірі – қолды үнемі жуып тұру. Бұл қорқытатын әңгіме болмауы керек. Қол жуу ережелерін үйреніп, көңілді болу үшін балалармен бірге ән айтыңыз немесе билеңіз.

Сондай-ақ, сіз балаларыңызға жөтелді немесе түшкіруді шынтақпен жауып, бұл белгілері бар адамдарға жақындамауды түсіндіріп, олардың қызуы, жөтел немесе тыныс алудың қиындығы бар-жоғын айтуын сұрап тұрыңыз.

4. Оларды үнемі қолдап отырыңыз

Теледидардан немесе Интернеттен көптеген мазасыз кадрларды көргенде, кейде бізді барлық жерде дағдарыс қоршап тұрғанын сеземіз. Балалар экрандағы суреттер мен олардың шындықтарын ажырата алмауы және олар қауіп төндіреді деп сенуі мүмкін. Мүмкіндігінше балаларыңызға стресті жеңуге көмектесіп, ойнауға және демалуға мүмкіндік бере аласыз. Әдеттегі кестені мүмкіндігінше қадағалаңыз, әсіресе ұйықтар алдында немесе жаңа ортада күнделікті жаңа жоспар құруға көмектесіңіз.

Егер сіздің аймағыңызда індет болса, балаларыңызға ауруға шалдығу мүмкін еместігін, коронавирусқа шалдыққан адамдардың көпшілігі қатты ауырмайтынын және көптеген ересектер сіздің отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін бар күшін салатындығын ескертіңіз.

Егер сіздің балаңыз өзін жақсы сезінбесе, онда ол үйде/ауруханада болу керек екенін түсіндіріңіз, өйткені ол өзіне және достарына қауіпсіз. Оларға кейде қиын болатынын білетіндігіңізге сендіріңіз, бірақ ережелерді сақтау барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін түсіндіріңіз.

5. Оларға көп нәрселерді ашық түсіндіріңіз

Коронавирустың өршуі бүкіл әлемде нәсілдік дискриминацияның көптеген жағдайларына әкелді, сондықтан сіздің балаларыңыз қорлауды сезінбейтініне немесе қатыспайтынына сенімді болу керек.

Коронавирустың біреудің сыртқы түріне, қайдан екеніне немесе қай тілде сөйлейтініне еш қатысы жоқ екенін түсіндіріңіз.

Балаларыңызға мектептегі барлық адамдар қауіпсіздікке лайық екенін ескертіңіз. Қорлау әрдайым дұрыс емес  және әрқайсымыз мейірімді болуға және бір-бірімізді қолдауға тырысуымыз керек екенін үнемі айтып отырыңыз.

6. Баланың бойында көмекші болуды тәрбиелеңіз

Балалардың адамдар бір-біріне мейірімділік пен жомарттық көрсететінін білуі өте маңызды.

Медициналық қызметкерлердің, ғалымдар мен жастардың, басқалардың індетті тоқтату және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы әңгімелерімен бөлісіңіз. Жанашыр жандардың іс-қимыл жасайтындығы туралы білу балаға үлкен жұбаныш болады.

7. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз

Сіз өз балаларыңызға қамқорлық жасасаңыз, балаларыңызға жақсы көмектесе аласыз. Балалардың өздері сіз жаңалықтарға қалай қарайтындарыңызды біледі, сондықтан сіздің сабырлы болуыңыз және жағдайды бақылауыңыз оларға көмектеседі.

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе көңіл-күйіңіз болмаса, өзіңізге уақыт бөліп, басқа да отбасы мүшелерімен, достарыңызбен және қоғамдағы сенімді адамдармен байланысыңыз. Демалуға және күш жинауға уақыт бөліңіз.

8. Әңгімені қамқорлық сезіммен аяқтаңыз

Біз балаларды бақытсыздыққа қалдырмайтынымызды білу олар үшін өте маңызды. Әңгімеңіз аяқталған кезде, олардың сөйлеу дыбыстарын үйреніп, олардың тыныс алуына назар аударып, олардың мазасыздық деңгейін түсінуге тырысыңыз.

Балаларыңызға кез-келген уақытта олармен басқа қиын әңгімелер болуы мүмкін екенін ескертіңіз. Оларға сіз қамқорлық жасайтындығыңызды, оларды тыңдайтындығыңызды және егер олар бірдеңе туралы ойласа, көмектесуге дайын екеніңізді ескертіңіз.

Ақпаратты ЮНИСЕФ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Джейкоб Хант жинақтаған

Кнопка домой
Бөлісіңіз