Коронавирус: ЖОО профессорлары мен резиденттері ауруханаларда жұмыс істейді

288 қаралу саны

Ақтөбе облысында медициналық колледж түлектері жедел жәрдем бригадаларына көмектесетін болады. Ал университеттің оқытушы-профессорлары мен резиденттері ауруханаларға жіберіледі. Ақтөбе облысында қазір 4800-ден астам медцина қызметкері жұмыс істейді. «Медицина университетінің 112 резиденті мен 165 оқытушы-профессоры емдеу, кеңес беру жұмысына тартылады. Сонымен бірге бүгіннен бастап жедел жәрдем мен провизорлық емдеу орнына медициналық колледждің 100-ге жуық түлегі қосылды» деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысы тікелей эфир кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жоспарлы толықтыру жүргенін, демеушілер арқылы қор жиналатынын айтты. «Облыс бойынша 200-ге жуық мониторинг тобы құрылды. Олар 4 мыңнан астам тексеру жүргізді. Тұрғындар тарапынан сұраныс артқан соң қызу түсіретін дәрі, антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттардың жетіспеушілігі бар. Оны білемін. Облыстағы 573 дәріханаға дәрі-дәрмек уақылыты келсе де, тұрғындарды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Дәріхана иелеріне ескерту берілді. Сонымен бірге көршілес Ресеймен байланыс орнатылды» деді Оңдасын Оразалин.

Дереккөз: Ақтөбе облысы әкімінің тікелей эфирі

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз