Коронавирусты анықтайтын ПТР-тестілеу қалай жасалады?

Коронавирусты анықтайтын ПТР-тестілеу қалай жасалады?
29  112 қаралу саны

Коронавирусты анықтауда ең нақты нәтиже көрсететін талдау түрі қандай? Ол қалай жасалады? Осы сауалдарға Алматыдағы Medical Partners Korea Clinic Оңтүстік Корея емханасының негізін қалаушы Ғалымжан Тоғызбаев жауап берді.

Бүгінде қаладағы 6 зертхананың бірі осы емханада жұмыс істеп тұр. COVID-19 талдауы кепілдендірілген мемлекеттік медициналық көмек көлемі аясында тегін жасалады. Спикердің айтуынша, тестілеу оңтүстіккореялық жүйемен жүргізіледі. Оның қазақстандық жүйеден айырмашылығы – молекулярлы диагностика автоматты түрде жасалады.

«Бұл технологияда РНҚ экстракциясын автомат жасайды. Ал Қазақстанда бұл қолмен жасалады. Автомат 90 талдауды бір мезетте 99% дәлдікпен көрсете алады. ПТР реактивтер COVID-19 генін 1-1 ден емес, 3-4 генді бірден анықтайды. Бұл вирусты анықтау барынша дәл болатынын көрсетеді. Бір мезетте тұмау вирусының 17 түрін, 6 түрлі бактерияны анықтай алады. Әлем бойынша үздік технологияны Еуропа елдерінің 80%-ы қолданады» деді Ғалымжан Тоғызбаев.

Оның айтуынша, ПТР талдау коронавирустың бірнеше молекуласын да анықтай алады. Яғни, ауру жаңадан басталып келе жатқанда немесе созылмалы жағдайда немесе байқалмай жеңіл өткенде де анықталады дегенді білдіреді. Қазір оңтүстіккореялық емханада күніне 1300 тест жасалып жатыр. Жақында диагностиканы күніне 2,5 мыңға жеткізу көзделген. ПТР-талдау ДДСҰ нұсқаулығы бойынша мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу арқылы жасалады.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

«Мұрын қуысынан алынған тестіде алғашқы тәуліктердегі дәлдік жоғары болады. Өйткені, инфекция ауа тамшы жолдары арқылы жұғады. Ал ауыздан алынған тест арқылы жұқтырғаннан кейінгі 3 күн ішінде анықтауға болады» дейді Ғалымжан Тоғызбаев.

Экпресс-тестілеу арқылы коронавирус диагнозы қойылмайды. Ол арқылы ағзадағы вирусты анықтау мүмкін емес. Бұл жерде тек қана ағзаның иммундық қарсылығын, антидененің бар екені көрсетіледі. Ол үшін саусақтан қан алынады. Нәтижесін 15 минутта білуге болады. Қазір Алматыдағы 6 зертхана да ПТР-диагностиканы қолданып отыр. Бұл тестілеуден тек қаупі жоғары нысандардың қызметкерлері ғана тегін өтеді. Оны эпидемиологтар айқындайды.

Теги: Алматыдағы Medical Partners Korea Clinic Оңтүстік Корея емханасы, Ғалымжан Тоғызбаев, бұл технологияда РНҚ экстракциясын автомат жасайды, COVID-19 талдауы кепілдендірілген мемлекеттік медициналық көмек көлемі аясында тегін жасалады.

Фото дереккөзі: Company.medelement.com

Бөлісіңіз