ҚР СІМ: Қазақстанда биологиялық қаруға қатысты ешқандай жұмыс жүргізілмейді

ҚР СІМ: Қазақстанда биологиялық қаруға қатысты ешқандай жұмыс жүргізілмейді
28  311 қаралу саны

Қазақстандағы биологиялық бағыттағы зертханалардың қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуы жиілеп кетуіне байланысты ҚР СІМ түсініктеме берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Шетелдік және отандық БАҚ-тарда Қазақстандағы биологиялық бағыттағы зертханалардың қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуы жиілеп кетуіне байланысты қалың жұртшылықтың назарына келесіні жеткізу қажет деп санаймыз. Қазақстан Республикасы қарусызданудың жаһандық процесінің және жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың белсенді жақтаушысы, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ), Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (ХҚТСК), Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (БУҚК), соғыста тұншықтырғыш, улы немесе басқа газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы 1925 жылғы Женева хаттамасының және басқа да негізгі халықаралық құралдардың жауапты қатысушысы болып табылады» делінген хаарламада.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Министрлік Қазақстан өз мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді толық көлемде орындап және мінсіз беделін сақтанын жеткізді.

«МАГАТЭ және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы тарапынан тұрақты инспекциялар жүргізіледі және жыл сайын Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенция шеңберінде ерікті есептер беріледі. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Өкінішке орай, Қазақстанның аумағында адам мен жануарлар үшін қауіпті жұқпалы аурулардың бірқатар табиғи ошақтары бар, оның ішінде оба, туляремия, бруцеллез және тағы басқалары. Бұл ҚР тұрғындарының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша өндірістік-зерттеу инфрақұрылымын дамытудың ерекше маңыздылығын айқындайды. Сонау 1948 жылы Қазақстанда Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты құрылған болатын. Қазір бұл Алматы қаласындағы М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы болып табылады. Осы жылдар ішінде отандық ғылыми мектеп құрылды және бірегей зерттеулер жүргізілді» делінген хабарламада.

Сыртқы саясат ведомствоның мәліметінше, М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы жанында Орталық референттік зертхананы (ОРЗ) салу биологиялық қауіпсіздікті, ұлттық ғылыми және өндірістік әлеуетті нығайтудың басты құралдарының бірі болған.

«ОРЗ Қазақстан мен АҚШ арасындағы Жаппай қырып-жою қаруының инфрақұрылымын жою туралы атқарушы келісім шеңберінде құрылды. Қаржыландыру Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украинада жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосқан Нанна-Лугара бағдарламасы бойынша АҚШ Қорғаныс министрлігі арқылы жүргізілді. Зертхана 2 және 3 деңгейдегі биоқауіпсіздік жағдайы бар 4 қабатты ғимарат болып табылады. ОРЗ Қазақстан Республикасына тиесілі және қазіргі уақытта тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Оның қызметкерлерінің бүкіл штаты тек отандық мамандардан құралған. ОРЗ жүргізетін кез келген жұмыс ҚР денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы министрліктерінің бақылауында. Оның қызметі Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған» делінген хабарламада.

СІМ елімізде биологиялық қаруға қатысты ешқандай жұмыс жүргізілмейтін атап өтті.

«Қазақстанда биологиялық қаруға қатысты ешқандай жұмыстар жүргізілмейтінін, басқа мемлекеттерге қарсы зерттеулер жүргізілмейтінін жауапкершілікпен мәлімдейміз. ОРЗ Қазақстанның ғылыми әлеуетін айтарлықтай нығайтты, зерттеу қауіпсіздігін арттырды. Мұндай жоғары технологиялық объектілердің болуы мемлекеттің даму деңгейін және оның биологиялық қатерлерге жедел ден қою қабілетін көрсетеді. Қазір ҚР денсаулық сақтау жүйесі COVID-19 індетіне қарсы күреске жұмылдырылған кезде, ОРЗ аурудың таралу қарқынын төмендетуге өзінің маңызды үлесін қосуда. Зертханада жаңа инфекцияны анықтау үшін отандық тест-жүйелер әзірленді. Қазақстан биологиялық қауіптердің трансшекаралық сипатын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастыққа, оның ішінде ОРЗ базасында ықпалдасуға дайын. Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияның шеңберінде Биологиялық қызметті верификациялау және мониторингілеу жөніндегі заңнамалық міндеттеуші құжатты қабылдауға дәйекті түрде атсалысудамыз. Кез келген биологиялық қауіп әлемге тез таралуы мүмкін жаһандану жағдайында, ашық және сындарлы мемлекетаралық өзара іс-қимыл жауапты әрекеттің нормасына айналуы тиіс»   делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Фото дереккөзі: КНЦКЗИ

Кнопка домой
Бөлісіңіз