Қазақстанда құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт жұмысын бастады

217 қаралу саны

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.

Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады. Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар. Құрбан шалуға онлайн түрде қалай тапсырыс беруге болатынын сайттың өзіне кіріп білуге болады.

Бөлісіңіз