КВИ салдары: вирус ауырған науқастардың денсаулығына кейін қалай әсер етеді?

168 қаралу саны

Клиникалық бақылаулар көрсеткендей, COVID-19-бен ауырғаннан кейін науқастың толық жазылу мерзімі 14 күннен 6 айға дейін созылады.

Патологиялық коморбиді бар науқастардың толық сауығу кезеңі әдеттегіден ұзағырақ болады. Олар: қант диабеті, артериялық гипертензия және басқа да созылмалы аурулар.

Бас ауруы, бас айналу, әлсіздік және тез шаршау сынды астениялық синдром байқалады.

Жұмыстан кейін дер кезінде демалып, дәрумендерге бай, құнарлы тамақтануды сақтау өте маңызды. Кейбір науқастар тыныс алуды қалпына келтіру және психологиялық қолдауды қажет етеді.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Бөлісіңіз