Ләззат Ақтаева: Кодекс жобасы егу немесе екпеу таңдауынан ешкімді айырмайды!

Фото дереккөз: Zakon.kz. Ләззат Ақтаева: Кодекс жобасы егу немесе екпеу таңдауынан ешкімді айырмайды!
333 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Мейрашқызы Ақтаева Фейсбуктегі парақшасында бүгінгі таңда қоғамда қызу пікірталас тудырып жатқан ҚР Денсаулық сақтау Кодексі жобасының төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Вице-министрдің салқынқандылықпен жазылған жазбасын қазақ тіліне аударып, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ләззат Ақтаева: 2009 жылдан бастап қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекс бар. Бұл – біздің жеке игілігіміз, денсаулық туралы Конституциямыз.

Біздің Кодекс – тұрғындардың денсаулығын қорғауға байланысты туындайтын барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар жиынтығы.

Науқас көмекке жүгінген кезде дәрігер тексеру жүргізеді, дәрі-дәрмектер бөледі және денсаулыққа қатысты барлық процестер Кодекспен реттеледі. Барлығы заң аясында жүруі керек.

Бірақ уақыт өтеді, жаңа медициналық технологиялар, денсаулық сақтау нарығында жаңа қатысушылар, жаңа міндеттер пайда болады. Осы жылдар ішінде Кодекске 80-ден астам өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Кодекс заман талабына сай болуы керек.

Сондықтан жаңа Кодекс әзірлеу туралы шешім қабылданды (Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы).

Осыдан екі жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды, сарапшылар арасында бірнеше рет талқылаулар, қоғамдық пікірталастар өткізілді, азаматтардан 3 мыңнан астам ұсыныстар келіп түсті, Кодекс тұжырымдамасы бекітіліп, Кодекс жобасы жасалды.

Кодекс жобасы 7 бөлімнен, 29 тараудан, 282 баптан тұрады және 6 негізгі бағытты қамтиды:

➢ білім және ғылым

➢ кадр саясаты

➢ қоғамдық денсаулық сақтау

➢ цифрлық денсаулық сақтау

➢ медициналық көмек

➢ фармацевтикалық қызмет

Кодекс жобасы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Мәжілісте талқыланып, толықтырылып, ымыраға келудің жолдары іздестірілуде.

Талқылау онлайн режимінде ашық өтеді, көпшілікке таратылады.

Мәжілістің жұмыс тобындағы вакцинация туралы талқыланған бейнеролик көпшіліктің әлі есінде. Бұл тек бір мәжіліс. Ал өткен жылдың қыркүйегінен бастап Мәжілістің жұмыс топтарының 41 отырысы өткізілді.

Кодекспен жұмыс төңірегіндегі шындықты іздейтін кез-келген адам Мәжілістің жұмыс топтарының барлық бейнероликтерін көре алады.

Кездесулер арасында депутаттар Кодекс жобасының сарапшы-бастамашыларымен күнделікті талқылаулар өткізеді.

Айта кету керек, депутаттар өз сайлаушыларының ұсыныстарын басшылыққа алады. Кейде стандарттар сарапшы-бастамашыларға оңай тимейді. Бірақ бәріне ортақ мақсат – бұл адамдардың денсаулығы және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

Бүгінгі таңда Кодекс жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қаралуды жалғастыруда, Мәжілістің жалпы отырысында қаралды (бірінші оқылым).

Кодекс жобасының талқыланған нормасы – вакцинацияға тоқталуға рұқсат етіңіз.

Вакцина жұқпалы аурудан қорғайтыны анық!

Кодексте профилактикалық егуді медициналық маман жүргізбестен бұрын, вакцинацияланатын адам тексеріліп, оған немесе оның заңды өкіліне вакцинация туралы, ықтимал қолайсыз көріністер мен одан бас тартудың салдары туралы толық немесе объективті ақпарат беріледі деп көрсетілген.


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Сонымен қатар, профилактикалық егулерге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімін Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.

Қарсы көрсеткіштер болған кезде вакцинация тағайындалмайды.

Вакцинациялар міндетті және ерікті болып табылады.

Міндетті вакцинациялардың тізімі Үкімет қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап Ұлттық вакцинация күнтізбесі бекітілді.

Міндетті вакциналар (олар 11 – туберкулезге, В вирусты гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, қызылшаға, қызамыққа, паротитке, гемофильді инфекцияға, пневмококк инфекциясына қарсы) ақысыз, қолжетімді.

Кодекс жобасындағы жаңа норма:

Міндетті вакцина егілмеген балаға балабақшада егер топта вакциналар жеткілікті болса және «ұжымдық» иммунитет болса ғана рұқсат етіледі.

Денсаулығына байланысты вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар балалардың құқықтары сақталуы керек.

2018-2019 жылдары церебральды сал ауруы, лейкемия және басқа аурулардың болуына байланысты вакцинацияланбаған 19 бала қызылша ауруынан қайтыс болды.

Кодекс жобасы егу немесе екпеу таңдауынан ешкімді айырмайды!

Таңдау ата-аналарға байланысты!

Ата-аналар өз баласын егуден бас тарту арқылы баланың денсаулығын сақтау құқығын шектейді.

Бірақ Кодекс жобасында міндетті вакцинациядан бас тартқаны үшін ата-ана жауапкершілікке тартылмайды!

Талқылауға болатын маңызды мәселе – вакциналардың сапасы.

Қазақстан Республикасы әлемдік өндірушілердің тазартылған бір дозалық вакциналарын сатып алады, дамыған елдер де осылай жасайды.

Вакциналардың қауіпсіздігі мен сапасын анықтау (өндіріс орнына бару, зертханалық бақылау, фармакологиялық сараптама, құжаттарды тексеру және т.б.) және оларды тіркеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы (ҰДЗСО) жүзеге асырады.

Вакциналарды «СҚ-Фармация» ЖШС сатып алады.

Вакцина сапасының маңыздылығын ескере отырып, депутаттар Кодекс жобасындағы вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау және сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтті.

Заң шығару процесі – бұл сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, Парламент депутаттары корпусы және қоғамның еңбегі мен келісімге келуі.

Кодекс жобасын жетілдіруге атсалысқандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз.

Осыдан бір жарым ай бұрын медициналық бірлестіктер мен пациенттердің ҮЕҰ біздің Кодексті қолдау бастамасын бастады. Рахмет!

Кодекс  маңызды және қажет.

Заңдар бізбен күшті, ал біз – заңдармен (Демосфен цитатасы).

Дереккөз: Фейсбук парақшасы

Фото дереккөз: Zakon.kz


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз