Людмила Бюрабекова: Тараптар туындаған барлық мәселелер бойынша өзара түсіністікке келді

335 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова министрдің тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруына қатысты проблемалық мәселелерді шешу және жол берілген бұзушылықтарды жою жөніндегі комиссияның шешімімен танысу үшін Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының басшылығымен және медициналық қызметкерлерімен кездесті.

Комиссия мүшелеріне осы жылғы 5-15 мамыр аралығында жүргізілген тексеру қорытындысы хабарланды. Объективтілік үшін тергеу нәтижелері комиссия анықтаған қорытындыларды құқықтық бағалау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Сонымен қатар клиникалық аурухана ұжымымен кездесу барысында Людмила Бюрабекова мен комиссия мүшелері өз пікірін білдіруге ниет еткен әрбір қызметкерді тыңдады. Барлық қызығушылық танытқан сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді. ҚР ДСМ комиссиясының жетекшісі Людмила Бюрабекова атап өткендей, әңгіме өте күрделі, бірақ сындарлы түрде өрбіді. Тараптар туындаған барлық мәселелер бойынша өзара түсіністікке келді.



Өз кезегінде Алматының орталық клиникалық ауруханасының қызметкерлері вице-министрге және комиссия мүшелеріне әділ әрі дұрыс шешім қабылдап, көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық кәсіпорындардың жеке қорғану құралдарын және COVID-19 диагностикасына арналған тест-жүйелерін өндіру мәселесін пысықтауда.

Осыған байланысты 27 мамырда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында маска, қорғаныш костюмдері мен тест-жүйелері өндірісін жолға қойған кәсіпорындарға барды.

Людмила Бюрабекова «Каз-Диа-Тест» ЖШС жобасының іске асырылуымен және зауыттың болашақ өнімдерімен танысты. Вице-министрдің жұмыс сапары барысында «Каз-Диа-Тест» ЖШС басшылығы Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті.

Экспресс-тест өндіретін зауыт 50%-ға дейін жергіліктендірілген өндірістің бастапқы циклінің жедел іске қосылуына ие. Сондай-ақ Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағының аумағында АИТВ, В және С гепатиттерін диагностикалау бойынша жаңа зауыт өндірісінің толық циклін іске қосу көзделген.

Бұған қоса Людмила Бюрабекова «Dolce» ЖШС, «Julduz Kenan Co, LTD» ЖШС және «Диамед» ЖШС сияқты басқа да фармацевтикалық зауыттарға барды.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз