Людмила Бюрабекова: Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін

30  401 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова  бүгін, 19 мамырда «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды…» онлайн-хабарының қонағы болып, көрермендерден келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді.

«Кеткеткет.кз» сайты әдеттегідей өз оқырмандарына онлайн-хабарда айтылған мәселелерді қағазға түсіріп, ұсынады.

***

Людмила Бюрабекова:  Әріптесіміз Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровта инфекция анықталған жоқ.

***

Людмила Бюрабекова:  Қазақстанда коронавирус инфекциясына қайтадан шалдығу оқиғалары тіркелген жоқ. Әлемнің бірнеше елінде осындай жағдай анықталған еді. Бізде мұндай жағдай тіркелмеді және алдағы уақытта болмайды деп үміттенеміз. Дегемен вирус өте жұқпалы. Індеттен емделіп шыққандарда тұрақты иммунитет түзілетіні туралы нақты зерттелген мәліметтер жоқ. Адам инфекцияны қайтадан жұқтырса, онда науқас емделуге жатқызылады.

***

Людмила Бюрабекова:  Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін. Шынымен де күзде біз екінші толқыны келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Алайда, күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі эпидемиологиялық ахуал назарға алынады. Күзде қандай да бір карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, бұл қадамдар індеттің таралуы қаупіне байланысты болады.

***

Людмила Бюрабекова:  Коронавирустың таралуы жағдайлары белгілі, яғни көбіне ауа-тамшылы жолмен жұғады. Шынымен де профилактика шараларын сақтамаған кезде инфекцияны жұқтыру қаупі жоғарылай түседі. Бұл тұрғыда маска тағып, қолды жиі жуу сияқты қарапайым талаптарды ұстану керек. Қоғамдық жерлерде, дүкенде екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағу қажет, сондай-ақ қолды дезинфекциялау керек.


Референс-зертхана коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Дереккөз: zakon.kz

***

Людмила Бюрабекова:  Стационарлық карантинде еліміз бойынша 3 мыңнан астам, ал үй карантинінде 6 мың адам бар. Стационарларда адамдар тәулік бойы дәрігер мен мейірбике тарапынан бақылауда болады. Осы орайда хаттамаға сәйкес дене қызуы өлшеніп, препараттар беріледі. Үй карантиніндегі адамдар арнайы форманы толтырып, карантин тәртібін бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілік туралы ескертіледі. Сонымен қатар, тазалық шараларын жүргізу, бөлмені желдету және басқа да қажетті ережелер түсіндіріледі.

***

Людмила Бюрабекова:  «Қара бүркіт» колониясының (УК-161/3 мекемесі) 19 қызметкерінен инфекция анықталды. Олардың барлығы оқшауланды. Колонияның жанында арнайы ғимарат бар, сол жерге провизорлық орындар жасақталды. Ауру анықталған адамдар колония аумағына кірмеген. Сотталғандармен байланыста болмаған. Егер де осындай жағдай орын алып, сотталғандарда індет анықталса, онда олар емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом қабылдайтын болады. Колония ішінде провизорлық орындар дайындалады.


Ары қарай оқу:

Людмила Бюрабекова: Медицина қызметкерінің вирус жұқтыруына қатысты әр оқиға бойынша тиісті шара қабылданады

Людмила Бюрабекова: Медицина қызметкерінің вирус жұқтыруына қатысты әр оқиға бойынша тиісті шара қабылданады
Кнопка домой
Бөлісіңіз