Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілді

170 қаралу саны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленген.

Жоба «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылдың 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 35-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.

2020 жылдың 20 шілдесінде «Ашық НҚА» инетрнет-порталында орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленген.

Жоба «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылдың 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2020 жылдың 20 шілдесінде «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК Фейсбук парақшасы.

Бөлісіңіз