Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмыс алгоритмі

51  598 қаралу саны

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына 30 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы қаулыға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымының жұмыс алгоритмі туралы басты талаптарды «Кеткеткет.кз» сайтының оқырмандарына ұсынамыз.

  • Медицина қызметкері балабақшаның барлық жұмыскерлері мен балаларға күнделікті таңертеңгілік сүзгі өткізуі тиіс;
  • Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) мен басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал  және балалар жіберілмейді.
  • Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда).
  • Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына COVID-19 расталған жағдайларымен байланысы бар, соңғы 14 күн ішінде жағдайлар тіркелген шет елден немесе   өңірлерден келгендер, жіті респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар санатына жататын адамдардың алып жүруі ұсынылмайды:
  • Объектіде персонал мен келушілердің қолын өңдеу үшін қолжетімді орындарда тері санитайзері орнатылады;
  • Балалардың тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында қолын өңдеу (сұйық сабынды пайдалана отырып қолды жуу) бойынша тәрбиешінің жеке жауапкершілігі.
  • Кейіннен желдете отырып, балалар болмаған кезде  топтардың үй-жайларын зарарсыздандыруды (кварцтауды) қамтамасыз ету. Желдету режимін сақтау: балалар топта болған әрбір сағат сайын 15 минуттан кем емес желдету, топта балалар болмаған жағдайда тура желдету. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілген кезде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады;
  • Топтарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, горшоктарды, сантехника жабдықтарын екі рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану);
  • Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды далада (жылы уақытта) өткізу. Ойындар үшін оқшауланған алаң болмаған жағдайда (тұрғын кешен құрамында орналастыру) серуендеуді шектеуді қамтамасыз ету;
  • Ұйықтайтын үй-жайларда балалар арасындағы қашықтықты ұйқы кезінде кемінде 1 метр қашықтықты сақтау;
  • Термометрлердің, дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санының болуы;
  • Ауыз су режимін сақтау (бір рет қолданылатын стакандар).
  • Балабақшада эпидемияға қарсы режимді сақтау, эпидемияға қарсы режимді сақтау мониторингі мәселелері бойынша балабақша жұмыскерлерімен күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты адамды тағайындау;
  • Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтау.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Бөлісіңіз