Мелита Вуйнович: Қазақстанның коронавируспен тиімді күресуге әлеуеті жеткілікті

Ё
250 қаралу саны

Дер кезінде қабылданған карантиндік шаралар Қазақстанға коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. Мұндай пікірді Ресейдегі ДДСҰ өкілі Мелита Вуйнович білдірді.

«Пандемияның көптеген елдерде қалай етек алып жатқаны туралы деректерді зерттегенде Қазақстан эпидемия басталғаннан бастап алғашқы төрт аптада айтарлықтай жетістікке қол жеткізгені белгілі болды. Өйткені, ел эпидемия фазасын үш-төрт апта ішінде өзгерте алды. Бұл шаралар ДДСҰ ұсынымдарына толық сәйкес келеді. Мен қазақстандық эпидемияға қарсы жүйені жақсы білемін. Менің әріптестерім өте жақсы нәтиже көрсетуде. Оған елдің әлеуеті жеткілікті» деді ұйым өкілі.

Ол эпидемияның жалпы дамуын және қабылданған шаралар мен ұсыныстардың қаншалықты тиімді екенін қарастырғанын, сондай-ақ толық талдауды ДДСҰ-ның елдік бюросынан алуға болатынын атап өтті. ДДСҰ өкілі қол жеткізген жетістіктер көбінесе мемлекеттің дер кезінде қабылдаған карантиндік шараларға және азаматтардың өзін-өзі қорғауының жоғары деңгейіне байланысты екенін айтты.

«Мен Интернетте әртүрлі қол жетімді тәуелсіз оқшаулау индексін қарауға қызығушылық таныттым, кездейсоқ Нұр-Сұлтандағы индекске көзім түсті. Онда мен Нұр-Сұлтан индексі 4,5 баллды құрағанын көрдім. Бұл халықтың сақтық шараларын қатаң ұстанғанын көрсетеді» деді М. Вуйнович.

«Салыстырмалы көрсеткіштерді бүгінде кеңінен қол жетімді оқшаулау индексінің мониторингімен бақылауға болады. Қазақстанда өте қысқа мерзімде, тура екі аптада, инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік туды. Ол кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулану индексі 4,5 балл деңгейінде болған, бұл аймақтағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болды. Қазақстан жағдайды жақсарта білгеніне өте қуаныштымын. Бірақ бұл –  «қауіптің беті қайтты, босаңсуға болады» деген сөз емес. Жағдай үнемі өзгеріп отыратынын есте ұстаған жөн» деп түйіндеді Мелита Вуйнович.

Дереккөз: inform.kz
Фото дереккөз: ЖИЗА

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз