Мемлекет басшысы бірқатар медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

183 қаралу саны

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері! атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

 Исаев Олег Николаевич (марқұм) – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм)

– «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде № 370


Дереккөз: Ақорда сайты

Бөлісіңіз