Мемлекеттің қолдауына ие болған дәрігерлер алғыс айтуда

213 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүкіл еліміз бойынша 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алатынын хабарлаған болатын. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша ақыны бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссияны құрған еді.

Мемлекеттің қолдауына ие болған дәрігерлер алғысын айтуда. «Аса қауіпті» санатқа енетін дәрігерлер 850 мың теңге үстемеақыға қол жеткізетіні белгілі. Соның бірі – елордадағы №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Айнұр Омарова. Qazaqstan ұлттық арнасы арқылы ол 20 күн бойы жұмыста жүргенін жеткізді.

«Екі баламды осы 20 күн бойы көрген жоқпын. Оларды жазда демалысқа апаруға уәде бергенмін. Осы алынған ақшаны ипотекалық бастапқы төлемге жұмсаймын» деді ол.

Балалар жұқпалы ауруханасында аса қауіпті бірінші санатта 6 дәрігер қызмет етеді. Қауіптілігі орташа екінші санатта 3 маман. Наурыз айындағы жалақыларына еселеп ақша алған олардың алғысы шексіз. «Өз атымнан және осы жердегі дәрігерлердің бәрінің атынан министрлікке алғыс білдіремін. Қиын кезде біздің жанымызда болды. Психологиялық көмек көрсетті. Оған қоса еңбегімізді елеп, қаржылай қолдау білдіргені зор қуанышқа кенелтіп отыр» деді аталмыш аурухананың тағы бір дәрігері Инна Яковенко.

Үстеме қаражат 3 ай қатарынан беріледі. Бұл дәрігерлер үшін үлкен демеу. Қазір олардың жұмысы қиындамаса, жеңілдеген жоқ. Себебі сақтық шараларын қатаң сақтап, эпидемияны таратпау үшін олар барын салуда. Үйлеріне қашан қайтатыны да әзірге белгісіз.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз