Меморгандардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібі бекітілді

268 қаралу саны

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібін айқындады.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда)» делінген Айжан Есмағамбетованың 6 шілдеде шыққан қаулысында.

Осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әкімдіктер әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етеді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз