Министр – эфирде. Коронавирус: не істеу керек?

Источник фото: https://pbs.twimg.com/media/ER4EnVkWkAER8Nh.jpg
328 қаралу саны

Министр – эфирде. Коронавирус: не істеу керек?

15 сәуірдегі көрсеткіш:  240 адам індеттен жазылып шықты. Коронавирус індеті төңірегіндегі қазіргі жағдайдың егжей-тегжейі! Салқынқандылықпен оқып шығайықшы. Көп нәрсе орнына келеді.

– Коронавирус жайлаған кез-келген ел бекітілген халықаралық емдеу хаттамаларын қолданады. Қазақстан да соларға арқа сүйейді. Эпидемия ұлттық сипатта болмайды, індетте ұлт жоқ, ол тек кәрістік немесе тек қытайлық болуы мүмкін емес. Даму ережелері барлық елде бірдей.

– Қазақстанда инфекциялардың жұқпалы болуының жағдайы алдын-ала болжалды, мұндай сценарий барлық елдерде болып жатыр.

– Бірінші кезеңде тұрмыстық таратулар санын, байланыста болу санын қысқарту міндеті тұрды. Бұған карантиннің жариялануы көмектесті. Алматы мен Нұр-Сұлтан сияқты екі үлкен қалада өсу қарқынын едәуір төмендетуге қол жеткізілді, бірақ бұл жұмысты тоқтатуға болмайды.

– Екінші кезең бір апта бұрын басталды: инфекцияның жасырын ошақтары белсенді түрде анықталды, олар – қызмет жағдайымен карантинге бармаған адамдар. Бұлар – дәрігерлер, патрульдік қызметтер, үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдардың қызметкерлері, қарттар үйлері мен тергеу изоляторлары.

– Сондықтан індеттің шыңына кеттік. Бірақ біз мұны күткенбіз, өйткені жұқтырған адамдарды табуға көштік. Бас хаттамаға сәйкес оларды үлкен тестілеу арқылы анықтай бастадық. Біз қанша жерден бұған жол бергіміз келмегеніне қарамастан індет анықталғандардың негізгі категориясы дәрігерлер болды, бірақ бұл жаһандық үрдіс, барлық елдерде дәрігерлердің індет жұқтыру пайызы осындай болып отыр. Бұл біз үшін де төтенше жағдай, сондықтан біз кеше  әдістер мен тәсілдерді өзгерттік.

– Эпидемияның әр кезеңінде әр түрлі тактика бар, бізде қаңтарда болған тактика ақпанда өзгерді, өйткені, мұның бәрі елімізде және әлемде індеттің қалай дамуына байланысты жасалады.

– Қазір біз инфекцияны жұқтыруға әлеуетті топты емдеуге басқа ауруханаларды белсенді түрде тарта бастадық. Себебі, инфаркт, инсульт және т.б. ілеспе диагнозы бар адамдардың да коронавируспен ауыратындары пайда болуда және олар да медициналық көмек көрсетуді талап етеді. Оларды жұқпалы аурулар ауруханасында емдеу мүмкін емес, олар көп бейінді ауруханаларда емделуді жалғастыруы керек, сондықтан әр аймақта қарапайым ауруханалар жұқпалы ауруханаларға икемделуде.

– 3500 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген болжам сәуір айының ортасын ала бере болуы мүмкін, қазір белсенді тестілеудің және науқастарды анықтаудың арқасында біз індеттің шыңынан өтіп жатырмыз, содан соң індеттің шарықтауы төмендейтін болады. Әр аймақ өзінің індеттік шарықтауынан осылайша өтуі керек.

– Неліктен вирус жұқтырған дәрігерлер көп? Егер пациент бір жерде білінбейтін инфекцияны ұстаса, содан кейін жүрек соғысы немесе жарақатпен ауруханаға түссе, онда індетті дәрігерлер жұқтырып алады, сондай-ақ ауруханаларда тиісті қорғаныс құрал-жабдықтары болмаса, онда да дәрігерлер вирустан құтылмайды. Ауру адам таңдамайды, егер жүкті әйел науқас болса, онда гинеколог міндетті түрде ауырады. Барлық қалалық ауруханалар кең профильді және онда әртүрлі аурулары бар науқастар емделеді.

– Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің міндеті – кінәлілерді табу емес, инфекцияның табиғатын білу үшін оның шығу көзін анықтау. Бұл – жаңа вирус, әлі зерттелмеген, оны қалай емдеуге болатыны белгісіз … бұл – қарапайым дерт емес. Санитарлық дәрігерлер өз жұмыстарын атқаруда, олардың міндеті – тексеру және алдын-алу, мұндай мамандар тапшы және олар бекітілген алгоритмдер бойынша әрекет етуде.

– Біздің дәрігерлер арнаулы әдебиетті оқып-үйренуі керек, күніне екі рет біз барлық хаттамаларды жібереміз, қазірдің өзінде хаттамалардың 6 редакциясы бар. Чаттарда арнайы мамандар бар, олармен барлық жағдайды талқылауға болады. Әрбір ауыр науқас тәулік бойы біздің бақылауымызда, жұқпалы ауруханалар аясында бұған қарсы тұрып келгенбіз, енді аурудың өсуі жүруде, бірақ бұл өсудің өзі әлемдік статистикамен салыстырғанда онша көп емес, бізде 100 мың адамға шаққанда 6-7  науқастан келеді, дегенмен, санитарлық алдын-алу шараларын қабылдау керек, барлық дәрігерлер жоғары сақтықта жұмыс істеуі қажет! Енді барлық ауруханалар инфекциялық ауруханалар ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл – барлық қауіпсіздік шараларын оқып, сақтау керек, бәрін шлюздер арқылы қабылдау керек, хаттамалар мен жұмыс алгоритмдерін білу керек деген сөз. Осының бәрі тынымсыз жаттығуды қажет етеді.

– Төлемдер туралы. Біз барлық жағдай бойынша талдау жасаймыз. Барлық фактілерді анықтау үшін жергілікті жерлерде комиссиялар құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл комиссиялардың құрамына кірмейді. Тізімдерді бас дәрігерлер жасайды, олар жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау министрлігіне емес, әкімдіктерге бағынады, тізімдер ниет білдірген  адамдар, әкімдіктер, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері кіре алатын комиссиямен талқыланады. Комиссия жұмысына сенбейтін және көңілі толмайтын адамдарды оған қосылуға және өздеріне өздері көмекке келуіне шақырамын. Егер сіз коммиссия жұмысымен келіспесеңіз, онда комиссияларға хабарласыңыз, мәселені шешуге қатысыңыз, бұқаралық ақпарат құралдарына жүгініп, осы комиссиялардың құрамында жұмыс істеңіз. Бұған сіздің мүмкіндігіңіз мол.

– Егер менің еркімде болса, мен 240 мың медицина қызметкерлерінің бәріне жеке-жеке сыйақы берер едім!

– Егер медицина қызметкерлері осы аурумен күресіп және өз өмірін қатерге тігетін болса, мен олардың әрқайсысын жаныммен қорғауға әзірмін!

– Қазір дәрігерлер қосымша ақы алды, наурыз айында жұмыс істей бастағандар сәйкесінше наурыз айының қосымша ақысын алды! Бұл қосымша төлемдер мамандығы үшін емес, қауіпке бас тіккені үшін берілді! Сәуірде олардың тізімі бірте-бірте кеңейеді, медицина қызметкерлері көптеп тартыла бастайды, сәйкесінше төлем де артады. Сәуір айында мұндай төлемді алушылар көбейетіні сөзсіз.

– Қауіп-қатерге қарамастан дәрігерлер өз жұмысын тастайын деп жатқан жоқ, қазір көпшілігі індетпен ауырғандарға медициналық қызмет көрсетуге баруға дайын, барлығы көмектесуге ұмтылып отыр және көбісі мұны қосымша ақысыз да жасағысы келеді! Енді бізге тек шыдамдылық, сабырлылық және жұмыста жинақылық қажет».

Егер сізді коронавирусқа қатысты жағдай шынымен толғандыратын болса, жоғарыда біз біраз ойларын келтірген Денсаулық сақтау министрі Е. Биртановтың YouTube 31 арнасындағы сұхбатын табыңыз, сұхбаттың  толық видеонұсқасын көре аласыз!

Ағымдық ақпарат тасқынында шынайы жағдайды білу үшін тек салқынқандылық пен сабырлық көмектесетінін түсінгеніңізді қалаймыз.

Фото дереккөз: pbs.twimg.com

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз