Министр фейктер туралы айтты

348 қаралу саны

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған хабар таратқандарды жауапқа тарту жұмыстары жөнінде баяндады.

«Кей тұрғындардың әдейі жалған ақпарат таратуы фактілері жалғасуда. Фейк жаңалық авторлары нақты елдімекендер мен медициналық ұйымдардың атын жазып, ауру жұқтырып, қайтыс болғандардың санын ойлап табады және жоқ тыйымдарды айтады. 25 наурыз күні Көкшетау қаласында Кореядан ауру жұқтырып келген науқастардың Ақмола облысында жатқаны туралы жалған хабар таратқан топ ұсталды» деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

29 наурызда Атырау облысында әлеуметтік желіде таралған 3 жалған ақпарат табылды. «Жалған әңгімелерді тарату арқылы бұл адамдар халықты үрейлендіріп жүр. Қазіргі уақытта жалған хабар тарату бойынша 45 факті анықталды. Барлық кінәлілер табылып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» деді Е. Тұрғымбаев.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз