Министр коронавирусқа тест МӘМС аясында неге тегін жасалмайтынын түсіндірді

319 қаралу саны

Жұмыс істейтін азаматтың коронавирусқа жоспарлы түрде тест тапсыруы таяу болашақта нормаға айналады. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-парақшасында жазды.

Айта кетейік, Facebook-те Вера Захарчук есімді желі қолданушы коронавирусты анықтайтын тест Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға неге тегін болмайтындығын сұрап, жазба қалдырған болатын.

«Бұл мәселені қазір ғана талқылауды аяқтадық. Осы уақытқа дейін 4 санат бойынша атап айтқанда, шетелден келгендерге, ауырғандар мен олармен қарым-қатынаста болғандарға, карантин кезінде де жұмыс істеп жатқандарға (дәрігерлер, әскери қызметшілер, коммуналдық жұмысшылар және т.б.) және қарттар үйінің контингентіне 250 мыңға жуық тегін тест жүргіздік. Іс жүзінде 3 және 4 санаттағылардың 90 пайызына (шамамен 70 мың адам) қайтадан тегін тест өткізілді. Жалпы, бұл оңай емес әрі шығыны көп. Оған қазірдің өзінде бюджеттен 2,8 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды» деді Елжан Біртанов.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Осы ретте министр ұшақпен ұшуларға бірнеше қалаға ғана барынша сақтықпен рұқсат беріліп отырғандығын, індет елімізде әлі аяқталмағандығын атап өтеді. Сонымен қатар ол індет беті қайтқаннан кейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бюджет қаражаты есебінен ауырған және олармен қарым-қатынаста болғандарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен арнайы кесте бойынша жұмыс істейтін және сақтандырылған тұрғындарға үнемі тестілеу ұсынылып отырғандығын айтады.

«Ал қалғандары – ақылы. Таяу болашақта жұмыс істейтін азаматтың тұрақты жоспарлы тестілеуден өтуі нормаға айналатын сияқты. Жиілігі – жұмыс сипатына және өндірістің эпидемиологиялық қаупіне байланысты. Бұл арнайы алгоритм-кесте болмақ. Ол қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде талқыланып жатыр. Бірақ, бұл азаматтардың басым бөлігіне қауіпсіздікте болуға, елде және әлемде саяхаттауға мүмкіндік береді» деді Елжан Біртанов.

Дереккөз: Елжан Біртановтің Facebook-парақшасы

Фото дереккөзі: Diapazon.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз