Министр тың деректермен бөлісті

Министр тың деректермен бөлісті
160 қаралу саны

Бүгін, 7 сәуірде Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты баяндады.

Белгілі болғандай, елімізде қауіпті індетті 670 адам жұқтырған. Өткен тәулік бойынша жаңа 78 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болды. Тіркелген 78 науқастың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 2 науқас, Алматыда 3 науқас. Өткен тәулік бойынша басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркеліп, өсім 29 пайыз болды. Ең үлкен өсім Қарағанды облысында (16), Ақмола облысында (19), Қызылорда облысында (13), Жамбыл облысында (12) байқалды.

«Қазіргі кезде ең үлкен өсім өңірлерде байқалып отыр. Жалпы 6 науқас қайтыс болды. 46 науқас емделіп, шығарылды. Қазір ауруханалардағы науқастардың 20-сының жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Кеше үш адам жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97 пайызы табылып, оқшауланды» деді Елжан Біртанов.

Фото сілтемесі: КР Денсаулық сақтау министрлігі

Кнопка домой
Бөлісіңіз