Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рамада Плаза» қонақүйінде коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін қосымша 500 орын дайындалды

208 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рамада Плаза» қонақүйінде коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін қосымша 500 орын дайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдік сайты. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр. «Рамада Плаза» ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. 1 шілдеде 250 орын дайындалды» делінген әкімдік сайтында.

Айта кетейік, өткен аптада 800-ден астам төсек-орын құрылған болатын. Атап айтқанда, 600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Сонымен бірге Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында орындар дайындалды. «Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және тағы басқасын сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр» деді қала әкімдігі.

Дереккөз: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің сайты

Бөлісіңіз