Нұр-Сұлтандағы телемедицина қызметі дәрігерлердің жүктемесін азайтты

187 қаралу саны

Нұр-Сұлтанда медициналық мәселелер бойынша тұрғындармен байланыс күшейді. Осылайша, 705103 жеке нөмірі құрылып, тұрғындарға аурудың алдын алу бойынша кеңес беріледі. Оған тәулігіне орта есеппен 200-ден астам қоңырау түседі. «Біздің дәрігерлер телемедицина құралдары арқылы симптомсыз тасымалдаушыларды бақылайды. Яғни, бейне байланыс арқылы кеңес беріп, денсаулық жағдайына қарап және т.б. қызметтер көрсете алады. DamuMed-пен бірігіп, науқасты онлайн қабылдауға жазу және бейнеқоңырау форматында тегін кеңес алуға болатын мобильді қосымша іске қосылды. Кеңес беру кезінде дәрігерге алдыңғы қабылдаулар туралы ақпарат қолжетімді болады. Қабылдау туралы ақпарат дәрігердің медициналық жазбасында сақталады. БМСК 31 ұйымы елорда тұрғындары үшін тегін бейне-кеңестер беретін болады. Бүгінде оған 19 ұйым қосылды, қалғандары жақын арада өз жұмысын бастайды» деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Сонымен қатар елордада жедел медициналық жәрдем станциясының телеграм-боты (@ns103bot) жұмыс істейді. Қала тұрғындары жедел жәрдем шақыру үшін өтініш бере алады. Кейін шақыру жеделдік категориясы бойынша анықталады. 24 маусымнан бері телеграм чат-бот 1800 өтініш қабылдады. Жедел жәрдем станциясы жанындағы орталық КВИ анықталған науқастарды стационарларға жібереді. Осы шаралардың барлығы шақырулар санын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік берді. Егер бұрын сұраныс көп күндері 4,3 мың қоңырау болса, қазір 2 мыңнан сәл артық. Бұдан басқа, коронавирус пен оған қатысты қабылданған шаралар туралы барлық ресми ақпарат covid19.astana.kz порталында жарияланатын болады.

Дереккөз: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің сайты

Бөлісіңіз