Нұр-Сұлтанда авиажолаушылар коронавирусқа тестілеуден қайда өте алады?

Нұр-Сұлтанда авиажолаушылар коронавирусқа тестілеуден қайда өте алады?
347 қаралу саны

Елордадан шығатын авиажолаушылар COVID-19 коронавирустық инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестінен (полимеразды тізбекті реакция) өткені туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл анықтама жеті күнге беріледі. Мерзім өткеннен кейін ПТР-тестілеуден қайта өтіп, жаңа анықтама алу қажет.Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың өз қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі», – деп мәлім етеді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтанда тестілеуден өту үшін зертханалар мекен-жайлары мен телефондары: Нұр-Сұлтандағы «Олимп» КДЛ: Республика даңғылы, 2/1; Гете көшесі, 3; Б. Момышұлы даңғылы, 16; Абылайхан даңғылы, 12/1; Е-10 көшесі, 2 үй; Манкент тұйығы, 2 (мобильді пункт).

Тесттер тек 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) телефонына алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі (http://covid.kdlolymp.kz); «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы: Желтоқсан көшесі, 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77. Коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты елордада «Олимп» КДЛ зертханасы COVID-19-ға ПТР-талдауларды ақылы негізде іске қосты.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Тестілеуге қала тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады. Сауалнама автоматты түрде «Олимп» КДЛ зертханаларына түседі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қалаларына әуе рейстері рұқсат етіледі. Рейстер санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларымен, жолаушылардың аз санымен және салонда ерекше қашықтықта отырғызумен жүзеге асырылатын болады.

Дереккөз: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты

Фото дереккөзі: Nevainfo.ru

Кнопка домой
Бөлісіңіз