Нұр-Сұлтанда санитарлық норманы бұзған құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер жабылды

Источник фото: techcrunch.com
276 қаралу саны

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысандар жабылды. Оның ішінде құрылыс компаниялары, азық-түлік сатпайтын дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар және басқа нысандар бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылған. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

Бөлісіңіз