Нышангүл Божбанбаева: қарсы тұру төзімділігі өте төмен нәрестені екпеден айыру – антигуманистік құбылыс

Фото дереккөзі: Kaznmu.kz
47  916 қаралу саны

Неонатолог-педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нышангүл Божбанбаева өзінің Фейсбук парақшасында антиваксерлердің пікірлеріне қарсы өз ойын былай жеткізеді:

Құрметті ата-аналар! Біздің елімізде балаларды егу халықаралық  тәжірибелерге негізделіп құрастырылған Ұлттық егу кестесі бойынша жүргізіледі. Жаңа туылған нәрестелерге туберкулез  және вирусты гепатит В ауруларына қарсы егу жасалынады, ол әрі қарай емхана жағдайында да жалғастырылады.

Нәрестелерге жасалынатын егулер өте қажет. Өйткені, нәрестенің инфекцияға қарсы тұру төзімділігі өте төмен. Ал туберкулез ауруының көрсеткіші елімізде әлі де жоғары. Вирусты гепатит В инфекциясы бауырдың циррозына алып келу мүмкіндігін жоғарлатады. Цирроз дегеніміз бауырдың жасушалары дәнекер тінімен алмасып, қызметін нашарлатады.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Гепатит А ауруына да қарсы егу жүргізіледі.  Осы арқылы республикамызда балаларға жаппай  егулерді жүргізудің  оң нәтижелері  байқалады. Олардың бірі: қалалық балалар жұқпалы ауруханасында гепатитпен ауыратын балалардың саны мүлдем азайып, бүкіл гепатит бөлімшесі жабылды.

Ал туберкулез ауруы – өте қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурумен ерте жастағы балалар жұқтырған жағдайда, инфекция жайылған түрде ауыр өтеді. Дені сау, салмағы жетіліп мерзімінде туылған нәрестеге перзентханада егулер жасалынады.

Егуге қарсы көрсеткіштер – егер балада перинаталды патология болса, туа біткен ақаулар, шала туылу (нәрестенің салмағы 1800 гр. одан да төмен болса).

Бала жазылып перзентханадан шыққасын, егулер емханада участкелік дәрігермен қаралып, түгел тексеріліп, сарапталғаннан кейін жасалынады.

Қорыта келгенде, неонатолог-педиатр және инфекционист дәрігері ретінде Сіздерге жеткіземін, егуден қорқудың қажеті жоқ.

Дені сау бала – дені сау ұрпақ!

Дереккөз: Фейсбук парақшасы

Фото дереккөзі: Kaznmu.kz


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой

Бөлісіңіз