Өмірге бейімділік және мейірімділік

317 қаралу саны

Үйден шықпай отырған да бір дәурен екен?! Немерелеріммен шүйіркелесіп тым жақсы болып қалдым. Олармен «общение-печенье» жасағаннан керемет ләззат аламын.

Шынында да бала ата мен әжесінің де, ата-анасының да тәрбиесін бірдей сезінуі тиіс. Ата-әжесінің жөн-жосығымен жүрген бала өмірге бейім болады. Ал, ата-анасының тәлімін көрген бала бойына мейірімділіктің дәнін егіп, өседі. Өмірде бейімділік те, мейірімділік те ауадай қажет қасиеттер. Осы екеуі жас адамның  бойынан бірдей табылмаса, оның тіршілікте аяғынан тік тұрып кетуі екіталай.

Қазіргі жас отбасылардың арасында ажырасу көп. Неге? Кейбіреулер өмірге бейім болғанымен, жүрегінде мейірімділік жоқ. Бойында мейірім барлардың тірлікте іске ілкімділігі нольге тең жастарды да көз көріп жүр. Толық гармонияға жеткізетін осы екі қасиетті немерелерімізге қазірден бастап қалыптастырғанға не жетсін?!

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз