Олжас Әбішев: Құрметті оқырмандар, әсіреқызыл мәлімдемелерге емес, нақты фактілерге сеніңіздер!

12  865 қаралу саны

Осыдан екі күн бұрын жарияланған қазақстандық блогердің бірнеше постына жауап қайтарған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев өз парақшасындағы постында осылай дейді. Көптеген блогерлердің ешқандай фактіге сүйенбей, «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» принципінен тек ғана вице-министр емес, көп адамдар шаршап кеткен сияқты. Ең жаманы, осындай жарияланымдар адамдарды сендіре алатындығында болып тұр. Сондықтан болар, Олжас Әбішев өз парақшасында осы постын қалдыруға мәжбүр болған.

Әлгі блогер Қазақстанның денсаулық сақтау саласын цифрландыруға ешқандай сілтемесіз не мәлімдемесіз біресе 400 млн доллар, біресе 18 млн доллар жұмсалған деп күлдібадам мәлімдеме жасаған. Олжас Әбішев пост авторы дереккөзін немесе өз мәлімдемесінің дәлелдемелерін жариялайтын болар деп екі күн күткен, бірақ блогер мұны жасамаған. Сондықтан да Олжас Әбішев өз парақшасында былай деп жазады: «Құрметті оқырман, жоғарыда айтылғандарға байланысты сіздерге ФАКТІЛЕР ұсынуға рұқсат етіңіздер.



2015 жылы Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы үшін «Интербелсенділік тұғырнамасын» жасауға халықаралық конкурс жариялады.  Дүниежүзілік банктің халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес тендер ашық болды. Яғни, оған қазақстандық және шетелдік компаниялар қатыса алатын еді.

Конкурсқа ұсынылған өтінімдерді бағалау нәтижесі бойынша 2015 жылғы 18 желтоқсанда Ericsson Nikola Tesla dd.d. (Хорватия) компаниясымен Тұғырнаманы жеткізуге 17,8 млн АҚШ доллары көлемінде келісімшарт жасалды. 

Тұғырнаманы әзірлеудің мақсаты денсаулық сақтау саласында қолданылатын ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасының өзара әрекеттесу құралдарын құру болатын.

Медициналық көмек алу орны мен уақытына қарамастан пациенттің медициналық мәліметтерін интеграциялауды қамтамасыз ететін ұлттық деңгейдегі электрондық денсаулық паспорты осындай құралдың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сертификаттау, сынақ жұмыстары жүргізілді.  Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаты алынды.

Ұлттық электронды денсаулық паспорты 2019 жылдың шілдесінде іске қосылды, егер сіз Интернет-шолғыштың іздеу жүйесінде «Қазақстандағы денсаулық сақтаудың электронды паспортын» жазсаңыз, оны оңай тексеруге болады.

Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет порталында сіздің жеке кабинетіңізде алынған медициналық қызметтер туралы барлық медициналық жазбаларыңызды таба алатындығыңызды және электронды денсаулық паспортын egov.kz мобильді қосымшасында да алуға болатындығын естеріңізге саламыз.

Бұл  ФАКТІЛЕР‼

Құрметті оқырмандар, әсіреқызыл мәлімдемелерге емес, нақты фактілерге сеніңіздер!».

Иә, кез келген жарияланымның нақты фактілер мен дереккөздерге сүйеніп жазылғанына не жетсін! Сондықтан да ең алдымен оқырманды шатастырмайтын әділетті пост жазып үйренейік, блогер қауым! Сөздің жолы – өте ауыр. Сөз киесінен қорқуды үйренген де абзал, тегінде!

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз