Онлайн-семинар мақсаты – денсаулық сақтау бағдарламаларын әзірлеу кезінде басым бағыттарды ұсыну

Почему в Казахстане будут усилены полномочия главного санврача
321 қаралу саны

Бүгін, 22 мамырда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы базасында үш күн бұрын басталған «Дүниежүзілік банктің «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының №1 «Ауруларды эпидемиологиялық қадағалауға және алдын алуға кешенді көзқарасты қалыптастыруды қолдау» міндетін енгізу бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар жұмысын жалғастыруда және бұл шара бүгін мәресіне жетеді.

Семинарға түрлі медициналық ұйымдардан 170-тен астам қызметкер қатысуда. Денсаулық сақтау саласының әртүрлі құрылымдары: ДСМ, ММСҚ, РЭДСО, РДСДО, ҒЗИ, ҰО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және басқа да өңірлердің ДСБ және т.б. қатысуда.

Семинар бірінші күні «Статистикалық көрсеткіштерді стандарттау», екінші күні  «Денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың кешенді көрсеткіштері» тақырыбында өткен болатын. Бүгін  «Дәлелді денсаулық сақтау» деген тақырыпта өтуде.

Қазіргі уақытта өлім-жітім, сырқаттанушылық және мүгедектік көрсеткіштері денсаулық шығындарына кешенді сандық бағалау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бұл денсаулық сақтау ресурстарын неғұрлым тиімді және ұтымды жоспарлауға және жұмсауға мүмкіндік беретін денсаулықты бағалауға түбегейлі жаңа көзқарасты іздестіру қажеттігіне себепші болды.
Осыған байланысты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында елдегі, өңірдегі немесе муниципалдық объектідегі (қала немесе аудан) халық денсаулығының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық шығындарын кешенді бағалау мен болжау аса маңызды болып отыр.
Бұл үшін мерзімінен бұрын болатын өлім-жітімді ғана емес, сондай-ақ халықтың сырқаттанушылығы мен мүгедектенуін есепке ала отырып, қоғамдық денсаулықты сандық зерттеу үшін ДДСҰ тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл тұжырымдама ДДСҰ мен Дүниежүзілік Банктің қолдауымен өткізілетін «Аурулардың жаһандық ауыртпалығын зерттеу» жобасының негізіне алынды.

Жобаның мақсаты – әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықтың денсаулығын құрту себебін анықтау және осы елдердегі денсаулық сақтау бағдарламаларын әзірлеу кезінде басым бағыттарды ұсыну. Зерттелетін халықтың денсаулық шығынын сандық бағалау үшін ГББ тұжырымдамасы шеңберінде HALE, DALY, YL, YDL, QALY көрсеткіштері пайдаланылады.
Бұдан басқа, бағалау үшін стандартталған көрсеткіштерді пайдалану маңызды фактор болып саналады.

Медициналық статистика денсаулық сақтау жүйесінің болашақтағы қызметін болжап, ұйымдастыру үшін болған оқиғаларды талдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жағдайға дұрыс баға беру және дұрыс шешімдер қабылдау үшін стандартталған көрсеткіштерді қолдану маңызды болып табылады.

Жоғарыда аталғандармен қатар, семинардың маңызды тақырыбы дәлелді қоғамдық денсаулық сақтаудың әдіснамасын әзірлеу және әдістерін енгізу болып отыр. Тиімді шешімдер қабылдау үшін әртүрлі дереккөздерден алынатын медициналық практика мен денсаулыққа қатысты қоғамдық саясатты әзірлеуге қолжетімді үздік дәлелдемелерді қолдану.

Бұл онлайн семинар-семинарға қатысушылардың барлығына DALY есебін және стандартталған көрсеткіштерді тәжірибеде қолдану үшін қажетті білімді игеруге, сондай-ақ дәлелді медицина және дәлелді қоғамдық денсаулық сақтау туралы толығырақ білуге көмектесті. Бұл көрсеткіштерге сапалы талдау жүргізуге жәрдем береді.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО сайты

Бөлісіңіз