Пандемиядан шығудың стратегиясы – ДДСҰ назарында

310 қаралу саны

«Егер тиісті шаралар қолданылмаса, пандемиядан шығу процесі де оның етек алып кету үрдісі сияқты қауіпті болуы мүмкін» деп мәлімдеді ДДСҰ Бас директоры.

ДДСҰ шектеу шараларын алып тастауды кезең-кезеңімен және қауіпсіз жою стратегиясын жасау жолында зардап шеккен елдермен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Ол үшін бірқатар маңызды элементтер қамтамасыз етілуі керек:

біріншіден, вирустың таралуы толық  бақылауға алынуы керек;

екіншіден, денсаулық сақтау және медициналық көмек көрсету саласында  жеткілікті мүмкіндіктер қамтамасыз етілуі керек;

үшіншіден, мамандандырылған мекемелерде, мысалы, ұзақ мерзімді емдеу мекемелерінде, аурудың шығу қаупін барынша азайту керек;

төртіншіден, кәсіпорындар, мектептер және адамдар баруға мәжбүр болатын басқа жерлерде қажетті алдын-алу шараларын қабылдау керек;

бесіншіден, инфекцияны алып келу жағдайы болғанда эпидемияға қарсы дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет;

алтыншыдан, халық қажетті барлық ақпаратқа ие болуы тиіс және осы нің жүзеге асырылуына белсенді үлес қосуы қажет.

«Пандемияны жоюға әркім барынша қатысуы керек» деп атап өтті ДДСҰ басшысы.

Дереккөз: news.un.org

Фото дереккөзi: ru.euronews.com

Кнопка домой
Бөлісіңіз