Пандемияның тоқтауына не әсер етеді?

Пандемияның тоқтауына не әсер етеді?
543 қаралу саны

Кез келген пандемия мен эпидемия белгілі бір уақытта аяқталады. COVID-19 да, деп жазады чехиялық Reflex басылымы.

«Пандемия – бірнеше континентте болатын эпидемия. Адамзат тарихында пандемия да, эпидемия да көптеп кездесті. Қазіргі таңда әлем коронавирус кесірінен үйде отыр, далаға маскамен шығуға мәжбүр. Бұл шаралардың қашан аяқталатынын дөп басып айту қиын. Дегенмен, пандемия да, эпидемия да мәңгі жалғаса бермейді. 1918-1920 жылдары болған испан тұмауы ортағасырдағы обадан кейін адамзат ұшыраған ең үлкен пандемия. Бұл ауру Азия елдерінен тарап, адамға құстардан жұқты. Үш толқын жүрген вирус ондаған миллион адамның өмірін жалмап, бірнеше күн ішінде жоғалып кетті» дей келе автор эпидемиялар мен пандемиялардың тоқтауына не әсер ететінін саралайды.

«Пандемияның тоқтауына әсер ететін бірінші фактор – эпидемиологияға қарсы шаралар. Вирусқа таратушы керек. Егер адамнан адамға таратуды болдырмасақ, вирустың таралуы бәсеңдеп, эпидемия тоқтайды. Екінші фактор – иммунді жүйені көтеру. Үшінші фактор – вирус генінің мутациясы. Пандемия мен эпидемяи тарихына көз салсақ, вирус ақыр соңында жоғалады. Жоғалмаған күннің өзінде, жеңіл ауруға айналады» деп жазады басылым.

Дереккөз сілтемесі: inosmi.ru, фото сілтемесі: pikabu.ru

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз