БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: Пандемия кезінде діни мерекелерді қалай өткізген дүрыс?

Источник фото: E:\Фото\cubaenresumen.org БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: Пандемия кезінде діни мерекелерді қалай өткізген дүрыс?
312 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше діни мерекелер – Пасха, Песаха және Рамазанға орай оларды коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінсіз атап өту бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар бергенін еске сала келе БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл мерекелердің биыл қиын жағдайда өтетініне көңіл бөлген, деп хабарлайды БҰҰ сайты.

«Бұл – отбасылар бірге жиналатын уақыт. Құшақ ашып, қол алысатын, адамдарды рухани біріктіретін уақыт. Бірақ осы жолы әдеттегідей емес, бәрі басқаша» деді ол. «Қазіргі кезде біз жолымызды сюрреалистикалық әлемде табуға тырысып келеміз. Үнсіз көшелер әлемінде. Витриналары тас жабық әлемде. Босаған діни ғимараттар әлемінде. Және де үрей басқан әлемде» деді А.Гутерриш.

 «Дін көшбасшылары халықтың құрметі мен сеніміне бөленгендіктен, олар коронавирустың таралмауына маңызды үлес қоса алады. Шіркеулер, синагога және мешіттерде адамдардың жиналуына келсек, сарапшылар мұнда ұлттық билік берген кеңестерді ұстануға шақырады. Баруға рұқсат етілсе де, қатаң санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау: бір-бірінен бір метр жерде жүру, адамдарды ұстамау, бір-бірін сүймеу және қасиетті заттарға маңдайды тигізбеуге кеңес етіледі» делінген ақпаратта.

 «Рухани күшті бұл киелі оқиғалардың өзінен алып, оларды ойлану, еске алу және жаңару мүмкіндігі ретінде пайдаланайық. Бұл қауіпті вируспен күресте аянбай тер төгіп жүрген қаһарман медициналық қызметкерлер, қалалар мен кенттерімізде еңбектеніп жүрген барлық адамдар туралы ойларға ерекше орын қалдырайық» деп шақырды БҰҰ Бас хатшысы.

Сондай-ақ ол вирустың алдында дәрменсіз қазір соғыс аймақтарында жүрген адамдар, босқындар туралы ұмытпауды сұрады.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Правослам христиандары Пасха мерекесін 19 сәуірде тойлайды. Ал еврейлердің бір аптаға созылатын Песах мейрамы 8-16 сәуір аралығында өтеді.

Сілтеме: https://news.un.org/ru/story/2020/04/1375942

Фото сілтемесі: cubaenresumen.org

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз