Пойыздан коронавирус жұқтырған адам табылған жағдайда жолсеріктер қалай әрекет етеді?

269 қаралу саны

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Йорг Бесвер пойыздан коронавирус жұқтырған адам табылған жағдайда жолсеріктердің қалай әрекет ететінін айтып берді.

«Тиісті органдармен бірлесіп, коронавируспен ауыратын науқас табылса қалай әрекет ету керектігін ойластырдық. Сондықтан, әр жолсерікке нақты нұсқама берілді. Ол жолсеріктің купесінде ілініп тұр. Ауру белгілері бар адам жеке купеге оқшауланады, қалған әрекеттер осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады» деді Йорг Бесвер «Нұрлы жол» вокзалында журналистерге.

Оның айтуынша, науқас оқшау купеде келесі стансаға дейін болады, кейін оны жедел жәрдем алып кетеді. Бұдан бөлек, спикер бүкіл құрам карантинге жабылмайтынын атап өтті.

«Вагон дезинфекцияланады, оны әрі қарай пайдалану үшін қажетті жұмыс жүргізіледі. Егер індет бір адамнан табылса, сол үшін бүкіл құрамды жабудың қажеті қанша? Біз пойыздағы қозғалысты шектейміз, сондықтан әр адам тек өз вагонында болады» деп атап өтті Й. Бесвер.

«Қоғамдық тамақтануға тоқтала кетсек, қазір бас санитар дәрігердің қаулысымен көлікте бұл қызметке тыйым салынды (вагон мейрамханалары). Сондықтан, жолаушыларға берер кеңесіміз – өздеріңізбен бірге қажетті тамақты алып жүріңіздер. Себебі, вагон мейрамханалары әзірге жұмыс істемейді» деп түйіндеді ол.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Йорг Бесвер пойыз жолаушыларының бір вагоннан келесі вагонға өте алмайтынын да түсіндіріп берді.  

Ары қарай оқу:

Кнопка домой
Бөлісіңіз