Түсіністікпен қарауды сұрады

Сайт ketketket.kz: источник фото http://nadezhda.kz/
173 қаралу саны

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантиннің күшейтілген режимінде полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытуды сұрады.

«Қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызметтеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай, бүгін (27 наурыз –ред.) түнгі 12-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады» деді министр.

Сонымен бірге, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. «Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерінің телефон нөмірі болған жөн. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, әдетте, тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан, полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет» деді Дәурен Абаев.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз