Психологиялық көмек береді

Психологиялық көмек береді
464 қаралу саны

Халыққа психологиялық көмек беру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (ЮНИСЕФ) covid-19.mentalcenter.kz сайтын ашты.

«Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады» деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында.

Аталған жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда еңбек ететін 50 маман тартылған. Жоба арқылы коронавирус инфекциясы таралған уақытта жергілікті жағдай ескерілген үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз