ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тестті қай қалада, қай жерлерде жасата аласыз?

ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тестті қай қалада, қай жерлерде жасата аласыз?
330 қаралу саны

«Ұлттық сараптама орталығы» жеке тұлғалар үшін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен Сovid-19 коронавирус инфекциясын тестілеуді бастады, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Тестілеу Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық сараптама орталығының филиалдарында жүргізіледі. ПТР әдісімен Covid-2019 тестінің құны 11 500 теңге. Зерттеу үшін биоматериал ретінде мұрын қуысы мен жұтқыншақ жағындысы қолданылады. Тест нәтижесі 12 сағаттан 24 сағатқа дейінгі аралықта беріледі. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына әуе тасымалы арқылы сапарларын жоспарлаған азаматтар ұшу күнінен кемінде 2 күн бұрын тестілеуден өтуі қажет.

Covid-2019 жұқпасының болмауы туралы анықтама алған күннен бастап 7 күнге жарамды болады. Тест нәтижелері анализ тапсырған жерден беріледі. Тестілеуден өту үшін азаматтар жеке мәліметтерді толтырып, алдын ала nce.kz сайтында тіркелуі қажет. Сонымен қатар, филиалдарға барған кезде медициналық бетперденің болуы, қауіпсіз қашықтықты сақтауы және белгіленген уақыттан кешікпеуі қажет керек. Талдауды қабылдау аптасына 7 күн, сағат 8.30-дан 16.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) жүргізіледі.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Еліміздегі ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» зертханаларының мекен-жайы мен телефоны:

  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҰСО филиалы: Желтоқсан көшесі, 46 тел.: 8 (7172) 55-49-21
  • Алматы қаласы бойыншаҰСО филиалы: Жібек Жолы көшесі, 3 тел.: 8 (7273) 82-35-65, 8-727-385-41-68
  • Ақтау қаласы бойыншаҰСО филиалы: 1 ш / а, Аурухана қалашығы тел.: 8(7292) 50-43-76, 8(7292) 50-75-15
  • Атырау қаласы бойыншаҰСО филиалы: Ерғалиев көшесі, 39А тел.: 8 (7122) 32-99-58, 8 (7122)32-23-36
  • Ақтөбе қаласы бойыншаҰСО филиалы: 8 март көшесі, 3 үй тел.: 8 (7132) 50-67-31, 8 (7132) 53-85-56
  • Көкшетау қаласы бойыншаҰСО филиалы: Кұдайбердиев көшесі, 27 тел.: 8 (7162) 26-61-27, 8 (7162) 26-56-39, 8 777-874-87-63 7.
  • Қарағанды қаласы бойыншаҰСО филиалы: Әлиханов көшесі, 2 тел.: 8 (7212) 50-75-93, 8(7212)50-22-83
  • Қостанай қаласы бойыншаҰСО филиалы: Әл-Фараби көшесі,113 тел.: 8 (7142) 54-44-18, 8 (7142) 54-74-10
  • Қызылорда қаласы бойынша ҰСО филиалы: Жанадилов к-сі 2 тел: 8 (7242) 70-10-63
  • Павлодар қаласы бойыншаҰСО филиалы: Аймауытов к-сі 2/5 тел: 8 (7182) 62-71-82, 8 (7182) 55-62-42
  • Петропавл қаласы бойыншаҰСО филиалы: Н. Назарбаев к-сі 236 тел: 8 (7152) 50-08-13
  • Тараз қаласы бойынша ҰСО филиалы: Әйтеке би көшесі, 13 тел: 8 (7262) 43-46-79
  • Өскемен қаласы бойыншаҰСО филиалы: Н. Назарбаев даңғылы 17 тел: 8(7232)52-56-78
  • Талдықорған қаласы бойыншаҰСО филиалы: Сланов к-сі, 85А тел: 8 (7282) 39-07-58, 8(7282) 60-12-12
  • Шымкент қаласы бойыншаҰСО филиалы: Майдантал к-сі, 4 тел: 8 (7252) 43-36-72, 8(7252)43-30-55
  • Орал қаласы бойыншаҰСО филиалы: Д. Нұрпейісова к-сі, 19 тел: 8 (7112) 51-15-72, 8 777-619-15-60

Сондай-ақ, Covid – 19 зерттеулерін «Invivo» және КДЗ «ОЛИМП» жеке медициналық зертханалар жүргізеді.

  • Нұр-Сұлтан қ. «Олимп» КДЗ: Республика даңғылы 2/1, Гете 3, Б. Момышұлы к-сі 16; Абылай хан к-сі, 12/1; Е-10 2 үй; Манкент тұйық көшесі – 2 мобильді пункті тел: 8701 961 7008
  • Алматы қ. «Олимп» КДЗ: Медеу ауданы – Халиуллин көшесі, 32; Сейфуллин көшесі 549; Жандосов көшесі 1В; Алмалы ауданы Байзақов көшесі 221/155; Гагарин көшесі 236 б, тел: 8701 961 7307
  • Алматы қ. «INVIVO»: Қарасай батыр к-сі 123. Call орталық: +7 727 258 83 83, +7 778 769 38 81
  • Көкшетау қ.: «Олимп» КДЗ: Шалқар 31, тел: 8701 961 71 16
  • Қарағанды қ. «Олимп» КДЗ: Н. Назарбаев көшесі 21, тел: 8701 961 74 26
  • Ақтөбе қ. «Олимп» КДЗ: Ломоносов к-сі 1-54, тел.: 8701 961 75 70
  • Атырау қ. «Олимп» КДЗ: Құлманов к-сі 107, тел.: 8701 961 42 74

Дереккөз: «Ұлттық сараптама орталығы» баспасөз қызметі

Фото дереккөзі: Nce.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз