Пульмонолог кеңесі: Егде адамдар коронавирустан қалай қорғануы керек

Пульмонолог кеңесі: Егде адамдар коронавирустан қалай қорғануы керек
376 қаралу саны

COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі кездесетінін дәлелдеді. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Лайыққызы Қасенова Хабар 24 арнасында айтып берді.

«Егде адамдар вирус инфекциясын ауыр көтереді және осының салдарынан болатын жағымсыз болжам бар. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, өкпенің интерстициалдық аурулары сияқты тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар пациенттер бірінші кезекте «тәуекел тобында» болады, себебі олардың тыныс алу жүйесінің вирустық жүктемеге қарсыласу қабілеті өте төмен», – дейді кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы Сәуле Касенова.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Пульмонолог дәрігер денсаулыққа мұқият қарау керек екенін, ол үшін төмендегі кеңестерді назарда ұстау керектігін айтты:

  • дүние жүзінде өзінің тиімділігін көрсеткен карантин шараларын орындау қажет;
  • дүкенге аптасына 2 рет тек қана қажетті азық-түлікке шығу керек;
  • қоқысты мейлінше басқа адамдармен қарым-қатынастың болу мүмкіндігі аз уақытта, таңертең ерте немесе кешкі уақытта шығарған дұрыс;
  • теледидарды күніне тек қана қажетті ақпаратты алу үшін 2 сағат қана көрген дұрыс;
  • тыныс алу жолдарының эпителиалық жасушаларын қорғайтын А, Е және С дәрумендерін қабылдау қажет;
  • гигиена шараларын орындау керек.

Оның айтуынша, оқшаулану көп уақытты отбасы мүшелерімен бірге өткізуге мүмкіндік береді. «Стресті өз бетінше жеңіп шыға алмайтын жалғызбасты егде адамдарды, балаларды, жасөспірімдерді қолдаңыздар. Негативті стресс адам иммунитетіне кері әсер беретіндіктен үрейлі көңіл-күйден алшақ болыңыздар. Зиянды әдеттерден, әсіресе темекі шегу, жастар ішінде пайда болған электронды сигареттер мен кальян шегуден бас тартудың уақыты келді. Қауіпті уақыт та бітеді, өмір де өз қалпына келеді, ол үшін өзіңіздің және сізді қоршаған адамдардың денсаулығын сақтау қажет» деді ол.

Дереккөз: Хабар 24 арнасы

Фото дереккөзі: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз