Қарттар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Сайт ketketket.kz: источник фото https://tengrinews.kz/
241 қаралу саны

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының әкімдігі және Nomad MMA Қазақстан республикалық федерациясы бүгіннен бастап (27 наурыз –ред.) 90 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдардың үйіне тегін ыстық тамақ жеткізуді қолға алды.

«Еліміз үшін туған қиын сәттерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғындарды қолдау бойынша шақыруына біз, NOMAD MMA федерациясы, Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы және Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығымен бірлесе отырып «#Biz birgemiz!» акциясын қолдау мақсатында карантин біткенше 90 жастан асқан барлық жалғыз басты қарт адамдарды күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісіне өз үлесімізді қосайық деп шештік. Қазір бұл адамдарға көмек қажет, олар тамақ дайындауға шамасы жоқ. Біз көмек қажет болған кезде шет қалмаймыз және барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз» деді Nomad ММА республикалық федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

Аталған акция аясында күн сайын карантиннің соңына дейін 400-ден астам қарт адамды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланған.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз