Қарттарға – көмек

261 қаралу саны

Шымкент қаласының волонтерлері төтенше жағдайда сыртқа шыға алмайтын жалғызбасты қарияларға 50 азық-түлік себетін таратты. Еріктілер «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта» еріктілер 1000-ға жуық азаматқа коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар таратты. Волонтерлер дәріханаларда сұраныстың артуына байланысты тапшы болып отырған 1000 дана медициналық масканы таратуды да ұмытпады.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз