Қазақстанда дезинсептиктер өндірісі жоспарлануда

Фото: Қазақстанда дезинсептиктер өндірісі жоспарлануда
238 қаралу саны

Қазақстанда дезинсептиктер өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Дезинфекция және дезинсекция құралдары (тұрмыста және емдеу-алдын алу мекемелерінде қолдану үшін) мемлекеттік тіркеуді Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады. Сауда министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен келісімге келді.

Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы жедел тәртіппен қажетті зертханалық зерттеулер жүргізеді.  

Бір ай ішінде. Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігі бір күн ішінде мемлекеттік тіркеу туралы құжат беруге дайын. Зерттеусіз қауіпті болуы мүмкін дезинфекциялау құралдарын қолданысқа жіберуге де құқымыз жоқ! Өз құжаттары мен үлгілерін сараптамаға СҚО-дан тұрмыстық химия өнімдерін өндіру тәжірибесі бар «Радуга» ЖШС жіберді. Олар еліміз үшін күрделі жағдайда антисептиктерді дайындауға көшті» деді Б.Сұлтанов.

Бұдан бөлек, Қазақстанның автохимия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы өз өндірісін елде сұранысқа ие антисептиктер мен дезинфекциялаушы құралдарды шығаруға қайта бейіндеуге дайын.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз