Ranking.kz: Қазақстандағы COVID-19 өлімі дүниежүзілік деңгейден төмен

271 қаралу саны

14 сәуірдің таңында бүкіл әлемде COVID-19 коронавирусының 1,9 миллион жағдайы тіркелді. Оның ішінде 119 мың адам қайтыс болды, 449 мыңы  жазылып шықты.

undefined
Диаграмма дереккөзі: ranking.kz

Әлемде вирустан орташа өлім, яғни COVID-19 жұқтырғандардың жалпы санынан қайтыс болу пайызы 6,1% құрады. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Еуропада байқалды: 8,6%. Ең төмені – әлсіз әсер еткен Океания: бар болғаны 0,8%. Жалпы Азия бойынша орташа деңгей 3,7% құрайды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы өлім-жітім деңгейі небары 1,1% құрады: 14 сәуірде таңертең 1091 науқастың 14-і ғ қайтыс болды.

Есеп беру кезеңінде Қазақстанда 138 адам жазылып шықты, 1091-і әлі ауырып жатыр. Бүкіл әлемде бұл уақытта 1,4 миллион адам ауыруда, олардың 50,6 мыңы ауыр  халде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияның ең жоғары деңгейін алдағы бір-екі аптаның ішінде күту керек деп санайды, деп хабарлайды «Хабар» агентігінің ақпараттық порталы.

Министрлік бір күн бұрын елордадағы аурудың өсу қарқыны 8,5 %-дан 1 %-ға, Алматыда 15 %-дан 2,5 %-ға төмендегенін атап өтті. Апта басынан бері Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірді-екілі жағдай тіркелді, бұл елде шектеу шараларының енгізілуіне тікелей байланысты.

Еске салайық: жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге әрқайсысына 2 миллион теңгеден төленеді. COVID-19-дан қайтыс болған жағдайда дәрігердің отбасына 10 миллион теңге аударылады. Сонымен бірге, барлық дәрігерлер жалақыға жұмыс істеген кезеңге пропорционалды түрде ғана қосымша ақы төленетінін ескертеміз.

undefined
Диаграмма дереккөзі: ranking.kz

Дереккөз: ranking.kz

Сурет дереккөзі: youm7.com

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз