Референс-зертхана коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Дереккөз: zakon.kz
346 қаралу саны

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Вирус инфекцияларын бақылау референс-зертханасы бүгінгі күнге дейін COVID-19-ға шамамен 10 000 зерттеу жүргізді. Зертхананың тәуліктік қуаты – 300 үлгі.

Зертхана өткізу қабілетін тәулігіне 3000 үлгіге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Референс-зертхананың негізгі міндеті – референстік, арбитраждық, верификациялық зерттеу жүргізу және үлгілерді қайта тестілеуден өткізу.

Зертханада COVID-19 зертханалық диагностикалау үшін верификацияланған тест-жүйелер, нәтижені растау үшін ДДСҰ валидацияланған жиынтықтар пайдаланылады.

Сонымен қатар референс-зертхана тұмау бойынша ұлттық орталық саналады және ДДСҰ-мен, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Тұмау ұлттық орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын белсенді атқарады.

Бұдан басқа зертхана мамандары республикадағы COVID-19-ға тест жүргізетін зертханаларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі инфекциялар бойынша сапаны сырттай бағалаудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асырады.

Дереккөз: ҚДСҰО сайты

Бөлісіңіз