Ресей дәрігері Анна Чепель: Қазақстанда коронавирусты емдеу тактикасының өзіндік ерекшелігі бар

179 қаралу саны

Атырауға Ресейдің Астрахан облысынан келген 5 дәрігер науқастарды емдеуге кірісті. «Қазақстан бізге ең жақсы жағдайды жасады. Біз өте ризамыз» дейді астрахандық дәрігерлер тобының жетекшісі Анна Чепель.Ол бұл пікірін caspian-eurasia.com сайтына білдірген. Өткен аптада Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Ресейдегі Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен арадағы келісіміне сәйкес 5 дәрігер келген болатын.

Қазір астрахандық дәрігерлер үш топқа бөлінген. Олар облыстық, инфекциялық ауруханалар мен кардиологиялық орталықта жасақталған госпитальде жұмыс істеуде. «Екі топта екеуден, ал бір топта бір дәрігер бар. Кеше «қызыл» аймаққа кірдік. Әр дәрігердің өз бөлімшесі бар. Емдеу тактикасының өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, айтарлықтай көп емес. Жұмыс көп. Бірақ, қазақстандық әріптестермен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде бәрі де реттеліп жатыр» дейді Анна Чепель.

Оның айтуынша, астрахандық дәрігерлер күніне жергілікті стандарт бойынша 6 сағат жұмыс істейді. Дәрігерлер науқастарды тексеріп, ем жүргізеді.

Дереккөз: caspian-eurasia.com сайты.

Бөлісіңіз