Роман жазу оңай ма?

353 қаралу саны

Көркем шығарма қалай жазылуы керек екенін «Қылмыс пен жаза» романының кейіпкері Раскольников баяғыда айтып кеткен: «Кто я в этой вселенской системе отсчета: тварь дрожащая или право имею?».

Мына өмірге не үшін келеміз? Миссиямыз не? Бейшара болып өмір сүру үшін бе? Әлде Құдайдың сыйлаған өміріне лайықты жауап беру үшін бе?

Адам жанын зерттегісі келген кез келген жазушы осы философиялық постулатқа жауап іздеуі керек. Қазақтың біраз жазушыларының шимайларын он қайтара оқып шықсаң да бұл сұраққа жауап таппақ түгелі сұрақтың өзі дұрыс қойылмағанын біліп, күйіп кетесің.

Ерегіскенде отыра қалып роман жазғым келеді. Осылай  бөскенменен, жауапкершілікті мойныма алғым келмейді. Өзіңнің мына жалғанға неге келгеніңді толыққанды түсінбеген күйі қаламға жармасу – жарымес шаруа.

Автор Шархан Қазығұл 1956 жылы туған. Аудандық және республикалық төрт газетте бас редактор болған. ҚР Президенті, ҚР Премьер-министрінің және ҚМГ баспасөз қызметтерінде жұмыс істеген.

Фото автора Шархан Қазығұл

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз