СҚ-Фармация: Төтенше жағдай кезінде өңірлерге дәрі-дәрмек толық жеткізілуде

СҚ-Фармация: Төтенше жағдай кезінде өңірлерге дәрі-дәрмек толық жеткізілуде
447 қаралу саны

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп эпидемиологиялық жағдайдағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын баяндады.

«Жалпы қазіргі төтенше жағдай аясында бірыңғай дистрибьютор өз жағынан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайға қарамастан толығымен дәрі-дәрмекті барлық өңірлерге жеткізіп жатырмыз» деп атап өтті басқарма төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, 2020 жылға бірыңғай дистрибьютор 1 385 атаулы дәрі-дәрмек бойынша 259 млрд теңгеге шарт жасаған. «Қазіргі уақытта барлық өңірлердегі медициналық мекемелерге 86 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі толық жеткізілді. Оның ішінде 47 млрд теңгеге дәрі-дәрмек амбулаториялық деңгейде, яғни емханаларға және бастапқы медициналық көмек көрсететін мекемелерге жеткізілді. Ал 27 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тұрғындарға тегін қолма-қол берілді» деді Берік Шәріп. Стационарлық деңгейде жыл басынан бері 39 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілген.

«Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде COVID-19 дертін емдеу үшін вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді, оның ішінде Лопинавир, Ритинавир, Гидроксихлорохин, дене қызуын төмендететін дәрі-дәрмек, антибиотиктерді медициналық мекемелерге қолма-қол жеткізіп жатырмыз. Бірен-саран дәрі-дәрмекті жеткізуде қиындықтар туындады. Әсіресе, Үндістанның шекарасы сәуір айынан бері жабық. Алайда бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерін қазан айынан желтоқсан айына дейін өткізген еді. Желтоқсан айында да дәрі-дәрмек қоры қоймамызда болды. Сол себепті қазір бұл дәрі-дәрмектерді де жеткізуді тоқтатқан жоқпыз» деді Берік Шәріп.

Фото дереккөзі: inform.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған