«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Үндістаннан сатып алынатын үш вакцина туралы айтып берді

Фото дереккөзі: Ioaceg.com. «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Үндістаннан сатып алынатын үш вакцина туралы айтып берді
332 қаралу саны

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі коронавирустық инфекцияға қатысты ағымдағы жағдай және Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алу мәселесіне қатысты өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп Үндістаннан сатылып алынатын міндетті түрде қолданатын үш вакцина туралы егжей-тегжейлі айтып берді: «Оның біреуі – АДС-М вакцинасы, екіншісі – қызылшаның алдын алу үшін қолданылатын вакцина, ал үшіншісі – туберкулезге қарсы вакцина. Үш вакцина да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала тексеруінен өтеді. Бұл екпелердің бәрінің арнайы сертификаты бар және әлемнің 70 елінде қолданылады. Олардың нәтижелігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген».

«Көп вакцина тікелей шартқа отырған компаниялар арқылы алынады. Бірыңғай дистрибьютер сатып алуды өткізген кезде Денсаулық сақтау министрлігінде шекті баға қойылады. Біз ол шекті бағадан едәуір төмен бағада сатып алып отырмыз» деп түйіндеді өз сөзін Берік Шәріп.

Фото дереккөзі: Ioaceg.com


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз