Салауатты өмір салтын ұстануда скандинав жүрісінің рөлі зор

263 қаралу саны

Қазір қос таяқпен жаяу жүретін скандинав жүрісі (Nordic walking – норд немесе фин жүрісі) ең танымал спорт түрі болды.

Скандинав жүрісі тиімді, жанға жайлы және кез келген жастағы адамдарға қолайлы, денені шынықтыруға көмектеседі және алға қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Қалыпты дене белсенділігінің басқа түрлерімен қатар скандинав жүрісімен тұрақты айналысу жүрек ауруы, 2-ші дәрежелі диабет, демікпе, инсульт және обырдың кейбір түрлері сияқты созылмалы аурулар қаупін төмендетеді.

Скандинав жүрісінің физиологиялық пайдасы:

  • Бүкіл дененің бұлшық етін тонуста ұстайды.
  • Жүргенде бұлшық еттің 90%-ы шынығады.
  • Әдеттегі жүріске қарағанда калория 46% -ға көп жоғалтады.
  • Тізе буындары мен омыртқаға түсетін қысым төмендейді.
  • Жүрек пен өкпеге өте жақсы әсер етеді.
  • Мойын, иық, арқа және жалпы тірек-қимыл аппараты проблемаларын шешуге болады.
  • Аэробты және анаэробты бағыттағы жаттығулар скандинав жүрісінің негізінде жатыр.

«Скандинав жүрісінде сіз жүріп қана қоймайсыз, сонымен қатар таяқпен түрлі жаттығуларды да жасай аласыз. Аз күш жұмсап, қол мен аяқты бірдей қозғалтуды үйреніңіз, – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің маманы Шыңғыс Байкөбенов, – Алдыңызға қараңыз, өйткені сізде қосымша тіреуіш, таяқ бар және қауіпсіз қадам жасау үшін аяқ астындағы нәрселерді үнемі тексеру қажет емес.

Ары қарай оқу:


Бұл ретте көз демалады, арқаны тік ұстайды, және сіз жай ғана серуендеп ләззат аласыз.

Скандинав жүрісінің артықшылықтары:

  • Кез келген жерде жүруге болады.
  • Ол жасы мен жаттығу дәрежесіне қарамастан барлық адамға қолайлы.
  • Топпен немесе жекелей айналысуға болады.
  • Скандинав жүрісін өз бетінше оқу бейне жазбаларының көмегімен немесе топта жаттықтырушымен жаттығу арқылы тез және оңай меңгеруге болады.
  • Табиғат аясында дене шынықтыру жаттығулары көңіл-күйді көтеретіндігі дәлелденген.

Таяқты қалай таңдау керек?

Скандинав жүрісі үлкен шығынды талап етпейді. Табаны ыңғайлы және беткі жағы қонымды аяқ киім және арнайы таяқ сатып алу керек. Алюминий, карбон немесе композиттік құймалардан жасалған монолитті болғаны дұрыс. Олардың биіктігін мына формула арқылы анықтауға болады: егер сіз тез жүрмеуге ниет етсеңіз, адам бойының ұзындығы (сантиметрмен) 0,66-ға тең коэффициентке көбейтіледі. Орташа қарқынмен жүру көрсеткіші – 0,68, қатты жүру үшін – 0,7. Яғни адамның бойы 175 см болса, жаңадан бастаған кезде таяқша 115 см, екіншісінде – 120 см, үшіншісінде – 125 см болу керек.

Маңызды! Жаттығуды бастамас бұрын – дәрігердің ұсынымдарын назарға алу керек.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО Фейсбук парақшасы

Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз