Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтты: жұмыс тәулік бойы жүргізілуде

44  292 қаралу саны

Отар. ҚазАқпарат. Вакцинаны жасау және адамға биологиялық қауіпсіздік орнату, бұл – күнделікті ақиқат, қызықты жұмыс және мамандық. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария сияқты жандар үшін! «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ол ғылым үшін ғана емес, коронавирус ауруы қаупі бар көптеген адамдар үшін маңызды вакцинаның жасалуы туралы айтып берді.

– Сәлеметсіз бе, Күнсұлу Дальтонқызы! Жұмыс кестеңіздің тығыздығына қарамастан «ҚазАқпарат» ХАА сұрақтарына жауап беруге келіскеніңіз үшін сізге рахмет. Вакцинаны жасау қандай сатыда? Бұл істе қанша адам, қандай режимде жұмыс істеп жатыр және сіз дәл қазір қандай нәтижелерді жариялай аласыз?

– 2020 жылдың 25 наурызында Ұлттық биотехнология орталығына барған кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 короновирустық инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (Отар, Жамбыл облысы) Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны жасауды бастады. Бұл жұмысты ҚР Білім және ғылым министрлігі үйлестіреді. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі уақытта мемлекеттер 54 вакциналық үміткерді әзірлеуде, осы уақытқа дейін әзірге олардың екеуі клиникалық сынақтар кезеңіне өтті. Талдау көрсеткендей, жасалынатын вакциналардың едәуір бөлігі гендік инженерия жасаған векторлы немесе субониттік вакциналар болып табылады. Ұқсас технологияларды вакциналар жасау саласында әлемдік көшбасшылар қолданады.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Дәл осындай заманауи тәсілдер мен технологияларды біздің қазақстандық ғалымдар да пайдаланады. Жалпы алғанда, олар 4 кандидаттық вакцинаны әзірлеуді жоспарлауда, оның ішінде вирустың S-протеинінің фрагменттері негізінде 2 векторлық және 2 субониттік вакцина бар. Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерден кейін олардың ішінен ең тиімді және ең қауіпсізі таңдалады. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының нақты штамдары бойынша BSL-3 биологиялық қауіпсіздігінің 3-ші деңгейлі зертханаларында жұмыстар жүргізуде. Вакцинаны жасау тәулік бойғы режимде жүргізілуде.

– Өзіңіздің ғылыми-зерттеу институтыңыз туралы айтып беріңізші. Бұл мекеме қандай жетістіктерге жетті және тікелей сіз басқарған жылдары? Бұл институттың ерекшелігі неде?

– Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу институтының 60 жылдан астам тарихы бар. Институт қауіптерді анықтау, биологиялық қауіпсіздікті бағалау мен диагностикалық және профилактикалық препараттарды, соның ішінде адамдар, жануарлар мен құстардың қауіпті және аса қауіпті вирустық ауруларына қарсы құралдар мен әдістерді жасауда. Мұнда биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология салаларында мол тәжірибе жинақталған. Институт Қазақстан Республикасындағы медициналық иммунобиологиялық препараттарды өндіру, тестілеу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеу туралы шешім қабылдаған жалғыз мемлекеттік ұйым болып табылады. Институт алғаш рет A/H5N1 Kazfluvac тұмауына (құс тұмауы) және A/H1N1Refluvac (шошқа тұмауына) қарсы вакциналарды тіркеді.

Институт маусымдық тұмауға қарсы 3 валентті сплит-вакцинаны (клиникалар, клиникалық зерттеулердің I және II кезеңдері), сондай-ақ адам туберкулезіне қарсы вакцинаны әзірледі, өткізді және денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізді (клиникалар жүргізілді, I және II клиникалық сынақ кезеңдері). Институт ғалымдары дәрі-дәрмектің 60-тан астам түрін, соның ішінде 30 вакцинаны, 16 сынақ жүйесін және 15-тен астам түрлі биологиялық өнімді жасап шығарды. Жылына 27 миллион доза вакцина шығарылады. Қазіргі уақытта институтта биологиялық өнімдердің тұрақты нарығы бар. Шетелге вакциналарды сатушы ретінде Кеден одағының тізіліміне енгізілген. Медициналық және ветеринарлық вакциналардың жасалуы мен өндірілуі айтарлықтай экономикалық тиімділікке жеткен. Мәселен, институтта әзірленген және шығарылатын нодулярлық дерматитке қарсы вакцинаны  Ауыл шаруашылығы министрлігінің сатып алуы бюджетке 2 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Институтта сонымен қатар вирустардың генетикалық кітапханасының негізіндегі бірегей депозитарий бар.

– ДДСҰ немесе басқа шетелдік ғалымдар зерттеу институтының қандай жұмыстарын атап өтті? Жалпы, ғылыми әлем қазақстандық ғалымдардың қызметін қалай бағалайды?

– Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналар жасау туралы келісім-шарт жасасқан. Тұмаудың федералды мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтымен, РМҒА ҒЗИ, Приматология ғылыми-зерттеу институтымен (Ресей), CDC, ARS USDA (АҚШ), MUV (Австрия) және әлемнің басқа да жетекші ғылыми орталықтарымен және институттарымен бірлескен зерттеулер жүргіземіз. Институт Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің вакцина өндірушілер тобының мүшесі болып табылады. Институт базасында вакциналар шығару үшін биофармацевтикалық зауыт салу жоспарлануда. Зауыт халықаралық GMP талаптарына сай вакциналар жасау үшін қажет.

         – Осындай мазмұнды жауаптарыңыз үшін рахмет!

Фото дереккөзі: Kazinform

Бөлісіңіз